Елорда тынысы

Елордада ер адам шаштаразға күш көрсетті

© Sputnik / Абзал Калиевжұдырық
жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.04.2022
Жазылу
Киленттің баласымен бірге ерте келуі, ал салон қызметкерлері бөлме ішін жинап үлгермеуі дауға себеп болған
НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір — Sputnik. Әлеуметтік желіде елордадағы сұлулық салондарының бірінде ер адам ұлының көзінше шаштаразды ұрған видео тарады.
Қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 жастағы шаш қиюшы маман өзіне қол жұмсаған адамға шағымданып, оған қатысты шара қолдануды талап етті.
"Сұлулық салонындағы 22 жастағы шаштараздың айтуынша, клиент ұлының шашын белгіленген уақыттан ерте алып беруді сұраған. Ал салон қызметкерлері алдымен бөлменің ішін жинау қажет екенін түсіндірген. Ер адам сұлулық салонының қызметкерлерін балағаттап, шаштаразға дене жарақатын салған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция ақпаратына сәйкес, 34 жастағы ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабы – "Ұсақ бұзақылық" бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Маманандырылған ауданаралық әкімшілік сот оны айыппұл төлеуге міндеттеді.
Еске салсақ, осы жылы қыста елордада Mega Silk Way сауда-ойын-сауық орталығындағы сұлулық салонының маманы мен клиент арасында да жанжал шыққан.
Дау барысында клиенттің мұрнын сындырған. Себебі клиент салон әкімшісіне қолындағы ұялы телефонын лақтырып жіберген соң, белгісіз ер адам пайда болып, оған жұдырық сермеген.
Жаңалықтар
0