https://sputnik.kz/20220411/shymkent-tartipsizdik-kudikti-24130288.html
Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздікті кім қаржыландырды – күдікті ұсталды
Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздікті кім қаржыландырды – күдікті ұсталды
Sputnik Қазақстан
Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 52 адам анықталды. 12 арандатушы бейнежазбалардың көмегімен табылды 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T15:26+0500
2022-04-11T15:26+0500
2022-05-23T14:52+0500
шымкент
тәртіпсіздік
қаңтар оқиғасы
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_364436d66a9c2b4799341539ea71f439.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырды деген күдікпен бір адам ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сондай-ақ Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 52 адам анықталды. 12 арандатушы бейнежазбалардың көмегімен табылды.Сонымен қатар Жамбыл облысында осы жылдың 18-31 наурызы аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктердің 140 белсенді қатысушысы анықталды. Осы өңірдің ұйымдасқан қылмыстық тобының екі лидері қамауға алынды.Бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны хабарланды. Олардың ішінде ең белсенділері – "Дикий Арман", "Қазақстандықтар" және "Айшуақ-Жантүгел" топтары.Қылмыстық топтардың 23 мүшесі тұтқындалды, олардың арасында 4 қылмыс әлемінің серкесі бар.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0a/0d/18395806_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_da83f290fc0248e465de5b2d309c907f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, тәртіпсіздік
Шымкенттегі жаппай тәртіпсіздікті кім қаржыландырды – күдікті ұсталды
15:26 11.04.2022 (жаңартылды: 14:52 23.05.2022) Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 52 адам анықталды. 12 арандатушы бейнежазбалардың көмегімен табылды
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Шымкентте жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырды деген күдікпен бір адам ұсталды. Бұл туралы Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Шымкент қаласында жаппай тәртіпсіздіктерді қаржыландырды және 5 қаңтарда қала әкімдігі мен полиция департаментіне шабуыл жасау кезінде қолданылған арматураны, тастар мен Молотов коктейлдерін жеткізуді ұйымдастырды деген күдікпен "С" есімді азамат ұсталды", - деді Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде.
Сондай-ақ Шымкент қаласы алаңында жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 52 адам анықталды. 12 арандатушы бейнежазбалардың көмегімен табылды.
Сонымен қатар Жамбыл облысында осы жылдың 18-31 наурызы аралығында 5 ұйымдастырушы, 11 арандатушы және жаппай тәртіпсіздіктердің 140 белсенді қатысушысы анықталды. Осы өңірдің ұйымдасқан қылмыстық тобының екі лидері қамауға алынды.
Бұған дейін жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны хабарланды. Олардың ішінде ең белсенділері – "Дикий Арман", "Қазақстандықтар" және "Айшуақ-Жантүгел" топтары.
Қылмыстық топтардың 23 мүшесі тұтқындалды, олардың арасында 4 қылмыс әлемінің серкесі бар.