Елорда тынысы

Астана тұрғыны сақтау камерасынан iPhone 12 телефонын ұрлаған

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуТелефон камерасы
Телефон камерасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
Ол жәшікті басқа кілтпен ашып, қол сөмкені ұрлап кеткен
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Елордадағы супермаркеттердің бірінде астаналық әйел сақтау камерасынан iPhone 12 смартфонын ұрлап кеткен, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияда түсіндіргендей, бұл оқиға күндіз болған. "Магнум" супермаркетіне келген әйел сақтау камерасының сатып алушылар қарасының көбейгенін пайдаланып, бос жәшіктің кілтімен басқа жәшікті ашқан.
Ол жәшіктен алып шыққан қол сөмкеде бағасы 450 мың теңге болатын iPhone 12 телефоны болған.
"Бейнебақылау камераларындағы жазбаның көмегімен полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Ол елорданың 39 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Осы аталған факті бойынша "ұрлық" бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Айғақ зат тәркіленді, күдікті жасаған қылмысын мойындады. Оның астана аумағында осы тектес басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Елордадағы полиция департаменті азаматтарға сақ болуға және бағала заттарды қараусыз қалдырмауға шақырды.
Жаңалықтар
0