https://sputnik.kz/20220411/qazaqstanda-biday-tapshylygy-zhoq--auyl-sharuashylygy-ministrligi-24122666.html
Қазақстанда бидай тапшылығы жоқ – ауыл шаруашылығы министрлігі
Қазақстанда бидай тапшылығы жоқ – ауыл шаруашылығы министрлігі
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда астық тапшы деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды... 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T12:11+0500
2022-04-11T12:11+0500
2022-04-11T12:48+0500
бидай
https://sputnik.kz/img/80/70/807085_0:222:2853:1827_1920x0_80_0_0_bdda69836c358d529a8dccaa4e6209e7.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда астық тапшы деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна бидай бар. Вице-министр ішкі қажеттілікті ескерсек, бұл көлем елді қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті. Тіпті, астықтың бір бөлігін экспортқа да шығаруға болады."Жыл сайын біз шамамен 3 млн тонна ұн шығарамыз. Бірақ бұл көлемнің жартысы экспортталады. Яғни елде өндірілген ұнның бәрі ішкі нарықта қалмайды. Кейбір диірмендер тек экспортқа ғана жұмыс істейді", - деді ол.Сапаровтың айтуынша, мәселе бидай тапшылығында емес, бидай бағасында.Бұған дейін ұн тартатын кәсіпорындар бидайды арзан бағаға Ресейден импорттап келген. Әсіресе шекаралас облыстар: Павлодар, Солтүстік Қазақстан. Алайда Ресей дәнді дақылдарды сыртқа шығаруға тыйым салғаннан кейін бұл баланс бұзылды. Көрші елдің мұндай шешімі диірменшілерді астықты тез арада ішкі нарықтан сатып алуға итермелеп отыр. Ал ішкі нарықта тиісінше бидай бағасы өскен."Бұл ретте 6,4 млн тонна бидайдың 3,4 миллионы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде. Олар өз өніміне жоғары баға сұрайды. Бірақ фермерлерге көктемгі егіс жұмыстарына ақша керек екенін түсіну қажет. Осыған байланысты бидай бағасы әділ болған жағдайда фермерлер өз қорларын сатады", - деді Сапаров.Айтуынша, ішкі нарықта тапшылық туғызбау үшін ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 15 сәуірден 15 маусымға дейін ұн мен бидай экспортын квоталау туралы шешім қабылдаған. Бидайға квота көлемі – 1 млн тонна, ал ұнға – 300 мың тонна.Сондай-ақ ішкі нарықтағы ахуалды жете түсіну үшін ауыл шаруашылығы министрлігі статистика бюросымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде бидайға инвентаризация жүргізеді.Вице-министрдің айтуынша, 7 сәуірдегі жағдай бойныша республикада ұн қоры 118 мың тоннаны құрайды.Бұған дейін қазақстандық диірменшілердің астық тапшылығына және оның бағасының қымбаттауына тап болғаны хабарланды. БАҚ ақпаратынша, бір тонна бидайдың бағасы 160 мың теңгеге жеткен және оның отандық нарықта тапшылығы байқалады. Диірмендердің жартысынан көбі жұмысын тоқтатқан.
https://sputnik.kz/20220410/qazaqstanda-biday-tapshylygyna-baylanysty-diirmender-zhumysyn-toqtatuga-mazhbur-24106497.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/80/70/807085_61:0:2792:2048_1920x0_80_0_0_f48db09d6da77a7351e094c80c69da3b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бидай
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Қазақстанда астық тапшы деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Ешқандай астық тапшылығы жоқ. Республикада бидай жеткілікті. Сондықтан азаматтарды дүрлікпеуге шақырамын", - деді Сапаров орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, 1 сәуірдегі жағдай бойынша республикада 6,4 млн тонна бидай бар. Вице-министр ішкі қажеттілікті ескерсек, бұл көлем елді қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті. Тіпті, астықтың бір бөлігін экспортқа да шығаруға болады.
"Жыл сайын біз шамамен 3 млн тонна ұн шығарамыз. Бірақ бұл көлемнің жартысы экспортталады. Яғни елде өндірілген ұнның бәрі ішкі нарықта қалмайды. Кейбір диірмендер тек экспортқа ғана жұмыс істейді", - деді ол.
Сапаровтың айтуынша, мәселе бидай тапшылығында емес, бидай бағасында.
Бұған дейін ұн тартатын кәсіпорындар бидайды арзан бағаға Ресейден импорттап келген. Әсіресе шекаралас облыстар: Павлодар, Солтүстік Қазақстан. Алайда Ресей дәнді дақылдарды сыртқа шығаруға тыйым салғаннан кейін бұл баланс бұзылды. Көрші елдің мұндай шешімі диірменшілерді астықты тез арада ішкі нарықтан сатып алуға итермелеп отыр. Ал ішкі нарықта тиісінше бидай бағасы өскен.
"Бұл ретте 6,4 млн тонна бидайдың 3,4 миллионы – ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде. Олар өз өніміне жоғары баға сұрайды. Бірақ фермерлерге көктемгі егіс жұмыстарына ақша керек екенін түсіну қажет. Осыған байланысты бидай бағасы әділ болған жағдайда фермерлер өз қорларын сатады", - деді Сапаров.
Айтуынша, ішкі нарықта тапшылық туғызбау үшін ведомствоаралық комиссия 2022 жылғы 15 сәуірден 15 маусымға дейін ұн мен бидай экспортын квоталау туралы шешім қабылдаған. Бидайға квота көлемі – 1 млн тонна, ал ұнға – 300 мың тонна.
Сондай-ақ ішкі нарықтағы ахуалды жете түсіну үшін ауыл шаруашылығы министрлігі статистика бюросымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, өңірлерде бидайға инвентаризация жүргізеді.
Вице-министрдің айтуынша, 7 сәуірдегі жағдай бойныша республикада ұн қоры 118 мың тоннаны құрайды.
Бұған дейін қазақстандық диірменшілердің астық тапшылығына және оның бағасының қымбаттауына тап болғаны хабарланды. БАҚ ақпаратынша, бір тонна бидайдың бағасы 160 мың теңгеге жеткен және оның отандық нарықта тапшылығы байқалады. Диірмендердің жартысынан көбі жұмысын тоқтатқан.