Аңдатпа

Қазақстанда 12 сәуірде қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобили возле здания Акорды
Автомобили возле здания Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 12 сәуірде өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)
12 СӘУІРГЕ ЖОСПАРЛАНҒАН ШАРАЛАР
09:00 – 09:00 - Үкімет отырысы өтеді. Отырыстың күн тәртібінде 2022 жылдың қаңтар-наурызындағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындысы шығарылып, республикалық бюджеттің атқарылуы, отандық ғылымды дамыту мәселелері қаралады.
12:30 – Теннистен командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің матчы бойынша Германия құрамасының капитанымен баспасөз мәслихаты (Тұран көшесі 4/2, ҰТО, 205-кабинет (2-қабат).
13:15 – Теннистен командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің матчы бойынша Қазақстан құрамасының капитанымен баспасөз мәслихаты (Тұран көшесі, 4/2, ҰТО, 205-кабинет (2-қабат).
14.00 – "Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" баспасөз мәслихаты. Спикер: Қазақстан Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Арыстанов Атығай Ғазымбекұлы. Онлайн-трансляцияны Youtube-тен көруге болады.
19.00 – "Махаббат тангосы" спектаклі (Қ. Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).
19.00 – "Махаббат миниатюралары" спектаклі ("Жастар" театры, І. Есенберлин көшесі, 10).
19.00 – "Наедине с Пушкиным" спектаклі (Горький атындағы театр, Кіші зал, Желтоқсан көшесі, 11).
19.00 – "Тіл табысқандар" спектаклі (Қ. Қуанышбаев атындағы театр, Ахмет Байтұрсынұлы көшесі, 25/1).
19.30 –"Оян, қалыңдық" спектаклі (Тотальный театр, Шевченкокөшесі, 114).
АЛМАТЫ
12:30 – Қазақстан баспасөз клубында "О создании движения "Наш Дом – Казахстан" тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Баспасөз конференциясының спикерлері: Бейсенбаев Әуез Тұлмаханұлы – "Көк Байрақ" ҚБ төрағасы, Әбдіқалықов Қайыржан Саясатұлы – ҚБТУ профессоры, Әмірғалиева Дана Талғатқызы – жеке кәсіпкер, Айханов Қадірсейіт – жеке кәсіпкер, Абдушкуров Мұрат Мұқтарұлы – "Ауғанстан ардагерлерінің одағы" ҚБ төрағасы. Аккредитация – Әсел Берімжарова, 8701 749 02 00. Сондай-ақ Қазақстан баспасөз клубының әлеуметтік желілердегі парақшасында тікелей эфирге қосылып, іс-шараға қатысуға болады. (Алматы қаласы, Самал-2, "САТТИ"тұрғын үй кешені, 58, 1-кіреберіс, 2-қабат).
18.30 – "Сүйікті менің ағатайым" спектаклі (Әуезов атындағы драма театр, Абай даңғылы, 103).
18.30 – "Мұғалім" спектаклі (Ғабит Мүсірепов атындағы театр, Абылай хан даңғылы, 38).
19.30 – "Под небом Парижа" барлық уақыттағы француз музыкасының жауһарлары (Жамбыл атындағы филармония, Қалдаяқов көшесі, 35).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0