https://sputnik.kz/20220411/qazaqstan-resey-sanktsiya-24128067.html
Қазақстан Ресейге қарсы санкциялардың әсерін бәсеңдетуге тырысып жатыр
Қазақстан Ресейге қарсы санкциялардың әсерін бәсеңдетуге тырысып жатыр
Sputnik Қазақстан
Қазақстан АҚШ-қа ынтымақтастық орнатуға дайын болғаны үшін алғыс айтты 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T14:33+0500
2022-04-11T14:33+0500
2022-04-11T14:33+0500
санкция
ақш
ресей
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24116734_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_fb3703862b2932cba6e9c5fb22c8cc98.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы адам құқықтары және демократиялық реформалар бойынша жоғары деңгейдегі диалогтың бірінші отырысы өтті. Осы шараға орай Нұр-Сұлтанға АҚШ мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея келді.Отырыстан кейін журналистер Ресейге қарсы санкциялар енгізілген шақта АҚШ пен Қазақстан қарым-қатынасы қалай дамитыны туралы сұрады. Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин бұл жағдайды күрделі деп атап, біздің еліміз осы мәселеге қатысты диалог жүргізуге мүмкіндік жасағаны үшін АҚШ-қа алғыс білдіретінін жеткізді.Қазақстан мен АҚШ мүдделі тараптарды, мемлекеттік органдарды, "Атамекен" ҰКП өкілдерін, АҚШ елшілігін, мемлекеттік департаментті және басқа да ведомстволарды тарта отырып, келіссөз жүргізуді жалғастырып жатыр."Америкалық тарап бізде өзара тәуелді нарық, өзара тәуелді экономика бар екенін түсініп отыр. Сондықтан америкалық тарап ол санкциялардың Қазақстан экономикасына салдарын барынша азайтуға тырысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады", - деді Ақан Рахметуллин.Ал Зея Урза АҚШ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын қолдайтынын және республиканы Орталық Азияны тұрақты әрі көркеюші өңірге айналдыруда "аса маңызды" деп танитынын атап өтті.
ақш
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24116734_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_291e465b1cd37a6a9de3ecc6b1992083.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
санкция, ақш, ресей
Қазақстан Ресейге қарсы санкциялардың әсерін бәсеңдетуге тырысып жатыр
Қазақстан АҚШ-қа ынтымақтастық орнатуға дайын болғаны үшін алғыс айтты
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрлігінде Қазақстан мен АҚШ арасындағы адам құқықтары және демократиялық реформалар бойынша жоғары деңгейдегі диалогтың бірінші отырысы өтті. Осы шараға орай Нұр-Сұлтанға АҚШ мемлекеттік хатшысының азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі орынбасары Узра Зея келді.
Отырыстан кейін журналистер Ресейге қарсы санкциялар енгізілген шақта АҚШ пен Қазақстан қарым-қатынасы қалай дамитыны туралы сұрады. Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ақан Рахметуллин бұл жағдайды күрделі деп атап, біздің еліміз осы мәселеге қатысты диалог жүргізуге мүмкіндік жасағаны үшін АҚШ-қа алғыс білдіретінін жеткізді.
"Екі ел арасындағы терең байланысты, әлем бойынша құрлықтағы ең ұзын шекара бар болғандықтан, бұл санкциялар бізге де әсер ететіні анық. Мұның қазірдің өзінде бағаға, дүкендердегі ахуалға қалай әсер етіп тұрғанын өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Біраз үкімет АҚШ өкілдерімен барлық деңгейде белсенді келіссөз жүргізіп жатыр. Осыған байланысты ынтымақтастыққа дайын болғаны үшін АҚШ-қа алғыс айтамын", - деді министрдің орынбасары.
Қазақстан мен АҚШ мүдделі тараптарды, мемлекеттік органдарды, "Атамекен" ҰКП өкілдерін, АҚШ елшілігін, мемлекеттік департаментті және басқа да ведомстволарды тарта отырып, келіссөз жүргізуді жалғастырып жатыр.
"Америкалық тарап бізде өзара тәуелді нарық, өзара тәуелді экономика бар екенін түсініп отыр. Сондықтан америкалық тарап ол санкциялардың Қазақстан экономикасына салдарын барынша азайтуға тырысуда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады", - деді Ақан Рахметуллин.
Ал Зея Урза АҚШ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформаларын қолдайтынын және республиканы Орталық Азияны тұрақты әрі көркеюші өңірге айналдыруда "аса маңызды" деп танитынын атап өтті.