Қазақстанда наурызда жаңа автокөлік саудасы 28%-ке өсті

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанский автосалон
Казахстанский автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
Қазақстанда ең көп сатылған автокөліктер үштігіне Hyundai, Chevrolet мен Kia кірді
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстанда 2022 жылдың наурызында елде жаңа автокөліктердің сатылымы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28,3 процентке артып, 10 753 жеңіл автомобиль, жеңіл коммерциялық техника, сондай-ақ жүк көлігі, арнайы техника мен автобус сатылғанын көрсетті.
Алдын ала дерек бойынша, 2022 жылдың бірінші тоқсанында 22 419 көлік сатылды. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 24 196 дананы құраған, деп хабарлады Қазақстанның автобизнес қауымдастығы (ҚАБҚ).
Нарық қарқыны қаңтарда сауда біршама бәсеңдегенін көрсетті. Алайда баға өсуіне байланысты сатып алу қызығушылығы әлі де бәсеңдемей тұр. Қазақстанның автобизнес қауымдастығы аналитиктерінің болжамы бойынша, сатылымның ұлғаюы жалғаса береді.
Отандық өндірістің ұлғаюы, жаңа брендтердің нарыққа шығуы, импорттаушылар ұсынатын қаржыландыру бағдарламалары және отандық жеңілдетілген кредит бағдарламасы сатылымның өсуіне әсер ететін негізгі себеп болып отыр.
Наурыздағы ең көп сатылған брендтердің бестігін (үш ай қатарынан) Hyundai бастап тұр – 3 232 дана (2021 жылдың наурызымен салыстырғанда өсім 69,5%).
Ал Chevrolet делдалдары 1 728 автомобиль сатқан (-20%), Kia нәтижесі 1 269 дананы (+273%) құрап, бірден екі саты жоғары көтерілді.
Lada төртінші орында тұр – 1 243 дана (+348,7%) және үздіктер бестігін Toyota – 693 дана (-40,7%) көрсеткішпен тұйықтап тұр.
Қытай өндірушілері құрастырған автокөліктер де үлкен сұранысқа ие екені анықталды.
Сондықтан наурызда қытай брендтерінің сатылымы артқан. Осылайша наурызда 234 Chery автокөлігі сатылса, JAC – 205 дана, Haval – 186 дна автокөлік сатқан.
Жаңалықтар
0