https://sputnik.kz/20220411/qazaqstan-khalqyna-qory-turaly-derekti-film-tusirildi--video-24135273.html
"Қазақстан халқына" қоры туралы деректі фильм түсірілді – видео
"Қазақстан халқына" қоры туралы деректі фильм түсірілді – видео
Sputnik Қазақстан
Қазақстан президентінің телерадиокешені "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының жұмысына қатысты "Халыққа қамқорлық" деректі фильмін жариялады 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T17:28+0500
2022-04-11T17:28+0500
2022-04-11T17:28+0500
видео
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24134872_58:0:2835:1562_1920x0_80_0_0_737c9938c61c8b6d8bcb56b930f9dcc6.png
Фильмде Алматы қаласы және Қарағанды облысы мен Атырау облысындағы мұқтаж отбасылардың өтініш-пікірі айтылған, қор басшылығымен сұхбат та бар.Фильмнің сипаттамасында 2022 жылдың елімізде үлкен өзгерістермен басталғаны туралы айтылған. Ол жерде Қаңтардағы оқиғалардан үзінді кадрлар жарияланған.Кейіпкердің бірі – Еркебұлан Қарсыбеков. Десантты шабуылдаушылар бригадасының батальон командирі. Ол әріптестерімен бірге маңызды нысандарды күзетуге бұйрық алып, әскери жасақ мұздай қаруланған бүлікшілерге қарсы кеудесін тосты. Ол 5 қаңтарда не болғанын айтқан.Қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған белгісіз топтардың қасақана ойластырған әрекетінен Алматы және өзге қалаларда қақтығыстар болды. Мемлекеттік мекеме ғимараттары өртеліп, қиратылды, сауда орындары тоналды. Бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау орындарының қызметкерлері жарақат алды, қаза тапқан жандар бар. Осындай сын сағаттан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры құрылды. Аталған қор қаңтар қасіретінен зардап шеккендерден бөлек, сирек кездесетін сырқатпен ауыратын науқас балалардың еміне көмек көрсету сияқты игі істермен айналыспақ."Біз "Қазақстан халқына" қорының жұмысынан үлкен үміт күтеміз. Денсаулық сақтау министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, қорымыздың қаншалықты пайдалы болатынын анықтадық. Жүйелі түрде сол контингентті зерттеп алдық", - дейді "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.Фильмде "Қазақстан халқына" қоры бірінші кезекте кімдерге көмек беретіні, мұқтаж жандар көмекті қалай ала алатыны айтылған.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/0b/24134872_405:0:2488:1562_1920x0_80_0_0_a60ce9162794b46f7c6fb780450b118b.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазақстан, видео
"Қазақстан халқына" қоры туралы деректі фильм түсірілді – видео
Қазақстан президентінің телерадиокешені "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының жұмысына қатысты "Халыққа қамқорлық" деректі фильмін жариялады
Фильмде Алматы қаласы және Қарағанды облысы мен Атырау облысындағы мұқтаж отбасылардың өтініш-пікірі айтылған, қор басшылығымен сұхбат та бар.
Фильмнің сипаттамасында 2022 жылдың елімізде үлкен өзгерістермен басталғаны туралы айтылған. Ол жерде Қаңтардағы оқиғалардан үзінді кадрлар жарияланған.
Кейіпкердің бірі – Еркебұлан Қарсыбеков. Десантты шабуылдаушылар бригадасының батальон командирі. Ол әріптестерімен бірге маңызды нысандарды күзетуге бұйрық алып, әскери жасақ мұздай қаруланған бүлікшілерге қарсы кеудесін тосты. Ол 5 қаңтарда не болғанын айтқан.
Қаңтарда мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болған белгісіз топтардың қасақана ойластырған әрекетінен Алматы және өзге қалаларда қақтығыстар болды. Мемлекеттік мекеме ғимараттары өртеліп, қиратылды, сауда орындары тоналды.
Бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау орындарының қызметкерлері жарақат алды, қаза тапқан жандар бар. Осындай сын сағаттан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры құрылды. Аталған қор қаңтар қасіретінен зардап шеккендерден бөлек, сирек кездесетін сырқатпен ауыратын науқас балалардың еміне көмек көрсету сияқты игі істермен айналыспақ.
"Біз "Қазақстан халқына" қорының жұмысынан үлкен үміт күтеміз. Денсаулық сақтау министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе, қорымыздың қаншалықты пайдалы болатынын анықтадық. Жүйелі түрде сол контингентті зерттеп алдық", - дейді "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев.
Фильмде "Қазақстан халқына" қоры бірінші кезекте кімдерге көмек беретіні, мұқтаж жандар көмекті қалай ала алатыны айтылған.