https://sputnik.kz/20220411/otyz-zheti-million-elordalyq-alayaqtar-zhezqazgan-sharualaryn-san-soqtyryp-ketti-24116976.html
Отыз жеті миллион: елордалық алаяқтар Жезқазған шаруаларын сан соқтырып кетті
Отыз жеті миллион: елордалық алаяқтар Жезқазған шаруаларын сан соқтырып кетті
Sputnik Қазақстан
Жүзден астан адам алаяқтық құрбаны болғанын айтып арызданған 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T09:49+0500
2022-04-11T09:49+0500
2022-04-11T09:49+0500
шаруа қожалығы
https://sputnik.kz/img/1065/35/10653503_0:101:1920:1181_1920x0_80_0_0_17add24b7eddfca927991771d50cd864.jpg
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Жезқазған полиция басқармасының қызметкерлері 116 шаруа қожалығының иесін алдаған үш астаналыққа қатысты қылмыстық істі сотқа берді. Шығынның жалпы сомасы – 37 миллион теңге.Жезқазған полициясының хабарлауынша, күдіктілерге қатысты арыз 2020 жылдан бастап түскен, деп хабарлады Polisia.kz.Жәбірленушілердің бәрі ірі және шағын шаруа қожалығының иесі, олар қарда жүретін көлік пен киіз үй сатып алуға және тегін жеткізуге көмектесетінін айтқан адамдарға ақша берген. Шаруалардан 300 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін алған.28-34 жас аралығындағы елордалық үш азамат ұсталды. Жауап алу кезінде күдіктілер әрекетін мойындап, қылмыс схемасын ашты.Тергеу аяқталды, күдіктілерге үкім шығару үшін іс сотқа жіберілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1065/35/10653503_106:0:1814:1281_1920x0_80_0_0_2e3792a1afe822b0adca2e6dced297be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шаруа қожалығы
Отыз жеті миллион: елордалық алаяқтар Жезқазған шаруаларын сан соқтырып кетті
Жүзден астан адам алаяқтық құрбаны болғанын айтып арызданған
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Жезқазған полиция басқармасының қызметкерлері 116 шаруа қожалығының иесін алдаған үш астаналыққа қатысты қылмыстық істі сотқа берді. Шығынның жалпы сомасы – 37 миллион теңге.
Жезқазған полициясының хабарлауынша, күдіктілерге қатысты арыз 2020 жылдан бастап түскен, деп хабарлады
Polisia.kz.Жәбірленушілердің бәрі ірі және шағын шаруа қожалығының иесі, олар қарда жүретін көлік пен киіз үй сатып алуға және тегін жеткізуге көмектесетінін айтқан адамдарға ақша берген. Шаруалардан 300 мыңнан 2,5 миллион теңгеге дейін алған.
"Сонымен қатар олар шаруа қожалықтарына агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау қағидалары аясында шығынның бір бөлігі өтеледі деп айтқан. Ауыл тұрғындарының сеніміне кіру үшін кеңсе ашып, үгіт-насихат жүргізіп, жарнама жасаған, түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Шығынның жалпы сомасы 37 миллион теңгені құрады", - деп хабарлады Жезқазған полициясы.
28-34 жас аралығындағы елордалық үш азамат ұсталды. Жауап алу кезінде күдіктілер әрекетін мойындап, қылмыс схемасын ашты.
Тергеу аяқталды, күдіктілерге үкім шығару үшін іс сотқа жіберілді.