https://sputnik.kz/20220411/nauryz-rekordtar-24138036.html
Наурыз көпжылдық рекордтарды жаңартты
Наурыз көпжылдық рекордтарды жаңартты
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында және солтүстігінде кей күндері желдің екпіні секундына 30-38 метрге дейін жетті 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T19:05+0500
2022-04-11T19:05+0500
2022-04-11T19:05+0500
рекорд
ауа райы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22797166_1:0:1919:1079_1920x0_80_0_0_66003cf1efcbc2a7223d4d03d4471d8e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Көктемнің алғашқы айы қатты желмен, нөсер жаңбырмен, жиі жауған қармен, қалың тұманмен есте қалды. Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың барлық аумағында, әсіресе наурыз айының соңында ауа райы қолайсыз болды.Рекордтық жылынуАй басында Жерорта теңізінен келген циклонның әсерінен республика бойынша күн жылынды.Осыған байланысты күндізгі уақытта елдің оңтүстік-батысында, атап айтқанда Маңғыстау облысының метеорологиялық станцияларында: Аққұдық, Ақтау, Форт-Шевченкода ауа температурасының көпжылдық мәндері жаңартылды.Мәселен, 3 наурызда Аққұдық метеостанциясында ауа температурасы +24,6°С дейін көтерілді, осылайша 2008 жылғы рекордтан (+22,2°С) асып түсті. Ал Ақтау метеостанциясында +18,4°С тіркелді, айта кетері, 2017 жылы бұнда ауа температурасы +15,1°С белгісіне жеткен еді. Форт-Шевченко метеостанциясында болса, ауа температурасының ең жоғары мәні байқалды, ол – +17,5°С құрады, 2016 жылғы рекордты (+14,5°С) жаңартты.Қыс қайта келдіАйдың екінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болды, мұнда керісінше республиканың басым бөлігінде суық болды. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысында екінші онкүндіктің соңында тіркелген ауа температурасының ең төменгі мәндерінің рекордтары жаңартылды. Мысалы, 17 наурызда Благовещенка метеостанциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) ең төменгі ауа температурасы – -28,7°С (1960 жылы -27,8°С), Баянауыл метеостанциясында (Павлодар облысы) – -24,9°С (1988 жылы -23,0°С) тіркелді.Дабылды ескерту жарияландыНаурыздың үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде ауа райы бұзылды, елдің көп бөлігінде дабылды ескерту жарияланды.Солтүстік циклонның белсенді әрекет етуіне және атмосфералық фронтальді бөліктердің шиеленісуіне байланысты жел соғып, бұрқасындатып, жауын-шашын күшейді.29 наурызда Есік, Кеген, Шарын метеостанцияларында (Алматы облысы) екпіні 31 м/с-қа дейін жеткен қатты жел тіркелді.Шымбұлақ метеостанциясында (Алматы облысы) қалың қар – 24,2 мм (айына норма 82 мм).Бәйтерек автоматтық метеостанциясында (Нұр-Сұлтан ), Ерейментау метеостанциясында (Ақмола облысы), ЦЭС АМС-да (Павлодар облысы) 31-34 м/с дейінгі дауылды жел байқалды, бұрқасын соғып, жолдың көрінуі нашарлады.Нұр-Сұлтандағы рекордНұр-Сұлтан қаласында ең жоғары ауа температурасы 31 наурыз күні күндіз байқалды, ол +4,8°С құрады, ал ең төмен ауа температурасы 17 наурыз күні түнде болды, ол -19,0°С құрады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/0f/22797166_241:0:1680:1079_1920x0_80_0_0_0b39e1dc9efd9c3673a150645dc41d52.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
рекорд, ауа райы
Наурыз көпжылдық рекордтарды жаңартты
Қазақстанның оңтүстігінде, орталығында және солтүстігінде кей күндері желдің екпіні секундына 30-38 метрге дейін жетті
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Көктемнің алғашқы айы қатты желмен, нөсер жаңбырмен, жиі жауған қармен, қалың тұманмен есте қалды. Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың барлық аумағында, әсіресе наурыз айының соңында ауа райы қолайсыз болды.
Ай басында Жерорта теңізінен келген циклонның әсерінен республика бойынша күн жылынды.
Осыған байланысты күндізгі уақытта елдің оңтүстік-батысында, атап айтқанда Маңғыстау облысының метеорологиялық станцияларында: Аққұдық, Ақтау, Форт-Шевченкода ауа температурасының көпжылдық мәндері жаңартылды.
Мәселен, 3 наурызда Аққұдық метеостанциясында ауа температурасы +24,6°С дейін көтерілді, осылайша 2008 жылғы рекордтан (+22,2°С) асып түсті. Ал Ақтау метеостанциясында +18,4°С тіркелді, айта кетері, 2017 жылы бұнда ауа температурасы +15,1°С белгісіне жеткен еді. Форт-Шевченко метеостанциясында болса, ауа температурасының ең жоғары мәні байқалды, ол – +17,5°С құрады, 2016 жылғы рекордты (+14,5°С) жаңартты.
Айдың екінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болды, мұнда керісінше республиканың басым бөлігінде суық болды. Осыған байланысты Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-шығысында екінші онкүндіктің соңында тіркелген ауа температурасының ең төменгі мәндерінің рекордтары жаңартылды. Мысалы, 17 наурызда Благовещенка метеостанциясында (Солтүстік Қазақстан облысы) ең төменгі ауа температурасы – -28,7°С (1960 жылы -27,8°С), Баянауыл метеостанциясында (Павлодар облысы) – -24,9°С (1988 жылы -23,0°С) тіркелді.
Дабылды ескерту жарияланды
Наурыздың үшінші онкүндігінде республиканың солтүстігінде, солтүстік-шығысында және оңтүстігінде ауа райы бұзылды, елдің көп бөлігінде дабылды ескерту жарияланды.
Солтүстік циклонның белсенді әрекет етуіне және атмосфералық фронтальді бөліктердің шиеленісуіне байланысты жел соғып, бұрқасындатып, жауын-шашын күшейді.
29 наурызда Есік, Кеген, Шарын метеостанцияларында (Алматы облысы) екпіні 31 м/с-қа дейін жеткен қатты жел тіркелді.
Шымбұлақ метеостанциясында (Алматы облысы) қалың қар – 24,2 мм (айына норма 82 мм).
Бәйтерек автоматтық метеостанциясында (Нұр-Сұлтан ), Ерейментау метеостанциясында (Ақмола облысы), ЦЭС АМС-да (Павлодар облысы) 31-34 м/с дейінгі дауылды жел байқалды, бұрқасын соғып, жолдың көрінуі нашарлады.
Нұр-Сұлтан қаласында ең жоғары ауа температурасы 31 наурыз күні күндіз байқалды, ол +4,8°С құрады, ал ең төмен ауа температурасы 17 наурыз күні түнде болды, ол -19,0°С құрады.