https://sputnik.kz/20220411/kredit-kassir-qaraqshylyq-24133415.html
Шымкентте шағын кредит ұйымының кассирі қарақшылық шабуылды ұйымдастырған
Шымкентте шағын кредит ұйымының кассирі қарақшылық шабуылды ұйымдастырған
Sputnik Қазақстан
Кассир бұл ойын жүзеге асыру үшін досынан көмек сұраған 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T16:36+0500
2022-04-11T16:36+0500
2022-04-11T16:36+0500
кассир
қарақшылық
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_40fb5e551e9f15af77e24c13bad6bed0.jpg
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Шымкентте шағын кредит ұйымының кассирі қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды Polisia.kz.Еңбекші полиция басқармасының кезекші бөліміне шағын кредит беретін компаниядан қоңырау түскен. Қызметкер оларға шабуыл жасалғанын хабарлаған.Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар келді. Кассирдің айтуынша, сағат 18.30-да орта бойлы, медициналық маска таққан, көзілдірік киген шамамен 30-35 жастағы ер адам кірген. Ол пышақпен қорқытып, 1 миллион теңгеге жуық ақша алып, қашып кеткен.Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Ал криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау бойынша барлық қажетті іс-шараны жүргізді. Күдіктінің фотороботы жасалып, көрші облыстарға дейін таратылды. Қарақшылық болған нысанға көрші орналасқан дүкен сатушыларынан да сұрастырған.Нәтижесінде бір тәулік ішінде полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ол үйінде ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді.Сотқа дейінгі тергеу барысында кассир кассада тиісті соманың болмауына байланысты қарақшылық әрекетті өзі ұйымдастырғаны анықталды. Ол бұл ойын жүзеге асыру үшін досынан көмек сұраған.Қазір осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 419-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.Шымкент полициясы азаматтарға қылмыс туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/598/68/5986876_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_b4456f2cc745d6375be835c695305f07.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кассир, қарақшылық
Шымкентте шағын кредит ұйымының кассирі қарақшылық шабуылды ұйымдастырған
Кассир бұл ойын жүзеге асыру үшін досынан көмек сұраған
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Шымкентте шағын кредит ұйымының кассирі қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы жалған хабар берген, деп хабарлайды
Polisia.kz. Еңбекші полиция басқармасының кезекші бөліміне шағын кредит беретін компаниядан қоңырау түскен. Қызметкер оларға шабуыл жасалғанын хабарлаған.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы мен аудандық прокурорлар келді. Кассирдің айтуынша, сағат 18.30-да орта бойлы, медициналық маска таққан, көзілдірік киген шамамен 30-35 жастағы ер адам кірген. Ол пышақпен қорқытып, 1 миллион теңгеге жуық ақша алып, қашып кеткен.
Тергеушілер Қылмыстық кодекстің 192-бабы "Қарақшылық" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Ал криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтау бойынша барлық қажетті іс-шараны жүргізді. Күдіктінің фотороботы жасалып, көрші облыстарға дейін таратылды. Қарақшылық болған нысанға көрші орналасқан дүкен сатушыларынан да сұрастырған.
Нәтижесінде бір тәулік ішінде полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Ол үйінде ұсталып, полиция басқармасына жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу барысында кассир кассада тиісті соманың болмауына байланысты қарақшылық әрекетті өзі ұйымдастырғаны анықталды. Ол бұл ойын жүзеге асыру үшін досынан көмек сұраған.
Қазір осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 419-бабы бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.
Шымкент полициясы азаматтарға қылмыс туралы жалған хабарлама үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті.