Германия экономикасына қауіп төнді ме

© Игорь ЗарембоБерлин
Берлин - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
Батыстың Ресейге қарсы экономикалық соғысы өрши түсті. Қарсы тарап енді өзінің серіктес емес екенін ашық аңғартып жатыр. Олар санкциялар соғыс жүргізу амалы екенін мәлімдеді. Ресей азаматтарының есепшотындағы қаражат пен Еуропадағы көрмеден Ресейге қайтқан өнер туындылары тәркіленді. Жағдайды одан әрі шиеленістіру үшін Украина бағытында тағы бір ауқымды себеп іздестіріп жатыр, деп жазды РИА Новости.
Бұл соғыс жоспары бойынша Еуроодақ елдері Ресейден газ бен мұнай сатып алудан бірауыздан бас тартуы керек еді. Бірақ бәрі жоспарлағандай болмады. Америкалықтарға Ресей көмірсутегінен бас тарту оңай. Өйткені олардың өз қоры бар.
Ал энергия тапшылығын бастан өткізіп жатқан Еуропаның күйі мүлде басқа. Еуроодақ экономикасының қозғаушы күші – Германия басты сын-қатерге тап болды.
"Екі-үш ай бұрын бұл ақылға қонымсыз жағдай ретінде қарастырылды. Ал қазір ақиқатқа айналды", - дейді электр техникасын дайындайтын батыс германиялық фирманың иесі ресейлік газдан ажыратылу мүмкіндігіне қатысты. Ол Guardian газетінің тілшілерінен өз есімін және фирма атауын көрсетпеуді сұраған. Бизнесмен ресейлік газсыз, сондай-ақ никель мен алюминийсіз оның жүз жылдық фирмасы банкротқа ұшырайтыны анық екенін айтқан.
Ресейден жылына елу миллиард текше метр газ алатын Германия орыстардың көгілдір отынынан бас тартса, онда немістердің бүкіл өнеркәсібіне шынайы қауіп төнді. Еуроодақ экономикасын басқадан бұрын ең алдымен осы Германия алға сүйреп жатқаны бүгінде ешкімге жасырын емес.
"Танымал неміс корпорациялары – Крупп пен Тиссен, Бауэр мен BASF Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыста қатты байыды. Бұл компаниялар соғыс тудыруға белсенді атсалысқан деген де пікір бар. Неміс мемлекетінің кезеті жеңілісінен кейін бұл корпорациялар шағын ребрендинг жүргізіп, топ-менеджерлерді ауыстырып, әрі қарай жұмыстарын жалғастыра берген. Адам баласы Крупп дайындаған қарумен миллиондаған кеңестік сарбаз өлтірілгенін, ал Бауэр фашистердің концлагерінде адамдарға жүргізілген экспериментті қаржыландырғанын еске алмауға тырысты. Әйткенмен Ресейге қарсы бүгінгі экономикалық соғыста Германияның ірі корпорацияларына тап қазіргідей қауіп төнген емес", - деп жазды мақала авторы.
Флаг Германии у здания Рейхстага в Берлине. - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2021
Әлем
Германия үш атом электр станциясының жұмысын тоқтататынын мәлімдеді
Алда-жалда Ресейден газ жеткізілмесе, ГФР іске қосатын үш іс-қимыл жоспарын әзірледі. Ол құжаттың әрқайсысында энергиямен жабдықтау бойынша басымдық ауруханалар мен фармацевтикалық компанияларға берілген. Одан кейін немістердің тұрғын үйлері тұр. Ал бизнес ең бірінші болып газдан ажыратылады.
Бұл өндірістер банкротқа ұшырап, миллиондаған адам жұмыссыз қалатынын аңғартады. Мұның барлығы энергия, азық-түлік, баспананы жалға алу ақысының шарықтап өсіп жатқан кезінде болады. Еуропаның ірі экономикасын рецессия күтіп тұр.
"Шынымды айтсам, бұл Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең ауыр дағдарысқа алып келуі және біздің өркендеуімізге тоқтау болуы мүмкін", - деді Guardian басылымына берген сұхбатында BASF компаниясының басшысы Мартин Брудермюллер.
Ресей немістердің жауабын күтпей-ақ, өз бетінше оларды газдан ажырата алады. РФ Мемлекеттік думасы да осыны ұсынды. Бұл Германияға қандай салдар алып келеді? Бұл тақырға отырған кәсіпкерлер, жұмыссыз қалған немістердің көшеге ереуілге шығуына алып келеді. Ал Германия билігі бұл наразылықты басып-жаншуда барынша қатаң түрде таратады. Африка мен Азиядан келетін заңсыз босқындар жағдайды ушықтыра түседі.
Неміс бизнесінің басым бөлігінде АҚШ-та сату нарығы бар. Осыны Вашингтон қысым тетігі ретінде пайдалануы әбден мүмкін. Өйткені Америка нарығы – әлемдегі ең үлкен нарық, табыс шаш етектен. Сондықтан немістерге ұнамаса да, олар Ресейден кетуге мәжбүр болады.
Германия өз экономикасынан бұрын Ресейдікі құлдырайды деп те ойлап отыр. Олардың ойынша, көмірсутек жеткізулерін басқа сатып алушыларға қайта бейімдеу үлкен жаңа инвестицияларды қажет етеді. Сол себепті қазір немістер кез келген қиындықты уақытша деп қарастырып, оған төзуге дайын отыр.
"Ресейге бірқатар қажеттіліктен бас тартуға тура келгенмен, ол өзін-өзі тойдырып, өзін-өзі жылытуға қауқарлы. Ал соңғы елу жылда ең озық экономика ретінде үлгі етіп көрсетілген Германия экономикасы құлдырауға жақын. Жоғары технологиялар, өнеркәсіптік өндіріс, қызмет көрсету саласы – бәрі тамаша болғанмен, бір ғана кемшілік бар. Ол – қуатты энергия тапшылығы", - деп жазды автор.
Жаңалықтар
0