https://sputnik.kz/20220411/elorda-akimdigi-botanikalyq-baq-24114849.html
Елорда әкімдігі ботаникалық бақта балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді
Елорда әкімдігі ботаникалық бақта балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ботаникалық бақта балықтар өсірілмейтінін мәлімдеді 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T08:24+0500
2022-04-11T08:24+0500
2023-08-09T12:22+0500
елорда тынысы
балық
астана
https://sputnik.kz/img/07e6/02/15/22955947_0:372:498:652_1920x0_80_0_0_276c7237bc7851b568fa203bc49bba17.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Елорда әкімдігі әлеуметтік желіде тараған ботаникалық бақтағы балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді.Әлеуметтік желіде тараған видеода тұрғындар бақтағы тоғанда қырылып жатқан балықтарды түсірген болатын.Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ботаникалық бақта балықтар өсірілмейтінін мәлімдеді.Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ботаникалық бақтағы тоған қолдан жасалған және тек суару жүйесінің, субұрқақтың қызметін атқарады. "Есіл ауданының әкімдігі жасанды су айдынында балық өсірмейді, өйткені бұл су айдыны балықтардың тіршілігіне арналмаған. Балық шабақтары тоғанға табиғи жолмен Нұра арнасы арқылы кірген болуы мүмкін, тоғанға су арна арқыл келеді. Резервуардың тереңдігі - 0,5 м-ден 3,5 м-ге дейін. Күн суыта бастаған кезде резервуар түбіне дейін толығымен қатып қалады. Тоған жасанды болғандықтан қыста ойықтар көмектеспейді, өйткені тоған балықтың өмір сүруіне арналмаған"- делінген хабарламада.Күн жылынғаннан кейін әкімдік тоғанда тазарту жұмыстарын жүргізеді.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/15/22955947_0:325:498:699_1920x0_80_0_0_3b27f274e0575463e17b7d15a81f162d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
балық, астана
Елорда әкімдігі ботаникалық бақта балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді
08:24 11.04.2022 (жаңартылды: 12:22 09.08.2023) Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ботаникалық бақта балықтар өсірілмейтінін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Елорда әкімдігі әлеуметтік желіде тараған ботаникалық бақтағы балықтардың қырылуына қатысты түсініктеме берді.
Әлеуметтік желіде тараған видеода тұрғындар бақтағы тоғанда қырылып жатқан балықтарды түсірген болатын.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ботаникалық бақта балықтар өсірілмейтінін мәлімдеді.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ботаникалық бақтағы тоған қолдан жасалған және тек суару жүйесінің, субұрқақтың қызметін атқарады.
"Есіл ауданының әкімдігі жасанды су айдынында балық өсірмейді, өйткені бұл су айдыны балықтардың тіршілігіне арналмаған. Балық шабақтары тоғанға табиғи жолмен Нұра арнасы арқылы кірген болуы мүмкін, тоғанға су арна арқыл келеді. Резервуардың тереңдігі - 0,5 м-ден 3,5 м-ге дейін. Күн суыта бастаған кезде резервуар түбіне дейін толығымен қатып қалады. Тоған жасанды болғандықтан қыста ойықтар көмектеспейді, өйткені тоған балықтың өмір сүруіне арналмаған"- делінген хабарламада.
Күн жылынғаннан кейін әкімдік тоғанда тазарту жұмыстарын жүргізеді.