https://sputnik.kz/20220411/balqash-balyqshy-mayit-24136946.html
Балқаш жағалауынан жарты жыл бұрын жоғалған балықшының мәйіті табылды
Балқаш жағалауынан жарты жыл бұрын жоғалған балықшының мәйіті табылды
Sputnik Қазақстан
Балықшының денесі қыс бойы мұз болып қатқан суда болған 11.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-11T21:16+0500
2022-04-11T21:16+0500
2022-04-11T21:16+0500
балқаш
https://sputnik.kz/img/old/524/71/5247139_0:32:621:381_1920x0_80_0_0_bfc67b26f67f2f0d99de1b12abc391ad.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Қыс бойы Балқаш көлінде болған балықшының мәйітін куәгерлер тапты. Мұз ерігеннен кейін мәйітті жағаға шығарып тастаған, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Күні кеше полицияға көл жағасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.Ер адамның туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға шағымданған. Туыстарының айтуынша, ер адам балық аулауға аттанып, қайта оралмаған.Адамның із-түзсіз жоғалғаны туралы шағым түскен соң полиция жедел-іздеу шараларын бастаған.Полицияның айтуынша, көл жағасынан оның жеке заттары табылған. Алайда көл бетін мұз басуына байланысты суатты толық тексеру мүмкін болмаған.Сондай-ақ ведомство жағалаудан табылған ер адам қарашада жоғалған Балқаш тұрғыны екенін растады. Баспасөз қызметі атап өткендей, оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Күн жылып, мұз еруіне байланысты мәйітті жағаға шығарып тастаған.
балқаш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/524/71/5247139_34:0:585:413_1920x0_80_0_0_3c07a78a6d6ca7e31946b5b3d0774f65.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балқаш
Балқаш жағалауынан жарты жыл бұрын жоғалған балықшының мәйіті табылды
Балықшының денесі қыс бойы мұз болып қатқан суда болған
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір — Sputnik. Қыс бойы Балқаш көлінде болған балықшының мәйітін куәгерлер тапты. Мұз ерігеннен кейін мәйітті жағаға шығарып тастаған, деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Күні кеше полицияға көл жағасынан ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
"Сол маңнан өтіп бара жатқан адамдар мәйітті тауып алған. Мән-жайды анықтағаннан кейін көз жұмған азамат өткен жылдың 24 қарашасында жоғалып кеткен 51 жастағы Болат Дүйсембаев екені белгілі болды", - деді полицейлер Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Ер адамның туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға шағымданған. Туыстарының айтуынша, ер адам балық аулауға аттанып, қайта оралмаған.
Адамның із-түзсіз жоғалғаны туралы шағым түскен соң полиция жедел-іздеу шараларын бастаған.
Полицияның айтуынша, көл жағасынан оның жеке заттары табылған. Алайда көл бетін мұз басуына байланысты суатты толық тексеру мүмкін болмаған.
Сондай-ақ ведомство жағалаудан табылған ер адам қарашада жоғалған Балқаш тұрғыны екенін растады. Баспасөз қызметі атап өткендей, оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмаған. Күн жылып, мұз еруіне байланысты мәйітті жағаға шығарып тастаған.