Air Astana Атырау-Ыстанбұл әуе қатынасын қайта іске қосады

 Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2022
Жазылу
Рейстер Airbus A320neo әуе кемесімен аптасына екі күн – сейсенбі мен жұмада жүзеге асырылады
НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстандық Air Astana әуе компаниясы Атырау – Ыстанбұл бағыты бойынша әуе қатынасын 26 сәуірден бастап қайта іске қосады.
Рейстер Airbus A320neo әуе кемесімен аптасына екі күн – сейсенбі мен жұмада жүзеге асырылады.
Атыраудан ұшу уақыты 08.10-да, Ыстанбұлға қону уақыты - 10.20-да.
Ыстанбұлдан ұшу уақыты 11.20-да, Атырауға қону уақыты 17.05-те.
Бағыттарда ұшу және қонудың жергілікті уақыты көрсетілген.
Билеттің эконом-кластағы ең төменгі бағасы - 165 177 мың теңге. Бизнес-кластағы баға - 580 389. Бұл бару және қайту бағасының құны екенін атап өткен жөн.
Жаңалықтар
0