WhatsApp мессенджерінде жаңа мүмкіндік пайда болады

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуМессенджер WhatsApp
Мессенджер WhatsApp - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2022
Жазылу
Алайда бұл жаңашылдық нақты қашан қолданысқа енгізілетіні белгісіз
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. WhatsApp әзірлеушілері танымал мессенджердің мүмкіндіктерін арттыратын жаңашылдық енгізгелі отыр.
Енді белгілі бір адаммен хат алмасу үшін алдымен оның нөмірі сақтау қажеттілігі болмайды.
Қазір, сізге WhatsАpp-қа адамның телефон нөмірін жолдаған кезде алдымен оны телефонға сақтап, содан кейін ғана онымен хат алмасу мүмкін болып тұр.
Мессенджердегі жаңартудан кейін жолданған нөмірді басып, бірден хат жазуға мүмкіндік туады.
Үш опция, яғни, хат алмасу, қоңырау соғу және телефон нөмірін сақтау ұсынылады.
Алайда бұл жаңашылдық нақты қашан қолданысқа енгізілетіні белгісіз.
Жаңалықтар
0