Талдықорғанда автобус жеңіл көлікпен соқтығысты: төрт адам зардап шекті

© Sputnik / СтрингерАвтобус
Автобус  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2022
Жазылу
Жол апаты жексенбі таңертең болған, автобус ішінде көп адам болмаған
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Талдықорғанда жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшырады.
Автобус жеңіл автокөлікпен соқтығысып қалған. Жол апаты салдарынан зардап шеккен төрт адам қалалық ауруханаға жеткізілді.
Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде жарияланды. Одан қатты зақымданған Mazda Cronos пен бір бүйіріне қарай қисайған Isuzu рейстік автобусын көруге болады. Жол апаты Талдықорған қаласының құрамына кіретін Өтенай ауылында болған.
"Хван мен Слямов көшелерінің қиылысында көліктер соқтығысып қалды. Алдын ала болжам бойынша, жол белгісін елемеген Mazda жүргізушісі қосымша көшеден басты көшеге өтіп кеткен. Оқиға салдарынан автобустың 47 жастағы жүргізушісі және қоғамдық көліктің үш жолаушысы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Жарақат алған жолаушылар қатарында екі әйел бар", - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Талдықорған қалалық полициясының қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтаумен айналысып жатыр.
Жаңалықтар
0