https://sputnik.kz/20220410/taldyqorgan-ozennen-kolik-24108917.html
Талдықорғанда өзеннен көлікпен өтпек болған адам құтқарылды
Талдықорғанда өзеннен көлікпен өтпек болған адам құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Ер адам медициналық көмектен бас тартты 10.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-10T17:57+0500
2022-04-10T17:57+0500
2022-04-10T18:15+0500
оқиға
талдықорған
көлік
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/08/15157272_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_b01c988872974d3d98cc36905a1cceed.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Талдықорған қаласында ер адам Қаратал өзенінен жеңіл көлікпен өтпек болған. Бірақ машина суға батып қалды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.9 сәуірде түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне Талдықорған қаласында 1989 жылы туған ер адам Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенінен өткісі келгені, бірақ көлігімен қоса өзеннің ортасында тұралап қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. "Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жеткенде көліктің Қаратал өзенінің ортасында 1,5-2 метр тереңдікте тұрып қалғанын анықтады. Ал көлік жүргізуші көліктің төбесіне шығып алған", - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметінде. Белгілі болғандай, мамандар құтқару арқанының және жилеттің көмегімен ер адамды құтқарып, жағаға аман-есен алып шыққан. Өзеннен өтпек болған ер адам медициналық көмектен бас тартты.
талдықорған
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/08/15157272_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_da7d4dd24870f94003fb1624db47c064.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
талдықорған, көлік
Талдықорғанда өзеннен көлікпен өтпек болған адам құтқарылды
17:57 10.04.2022 (жаңартылды: 18:15 10.04.2022) Ер адам медициналық көмектен бас тартты
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Талдықорған қаласында ер адам Қаратал өзенінен жеңіл көлікпен өтпек болған. Бірақ машина суға батып қалды. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
9 сәуірде түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментіне Талдықорған қаласында 1989 жылы туған ер адам Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенінен өткісі келгені, бірақ көлігімен қоса өзеннің ортасында тұралап қалғаны туралы хабарлама келіп түскен.
"Алматы облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары оқиға орнына жеткенде көліктің Қаратал өзенінің ортасында 1,5-2 метр тереңдікте тұрып қалғанын анықтады. Ал көлік жүргізуші көліктің төбесіне шығып алған", - деп жазылған ведомствоның баспасөз қызметінде.
Белгілі болғандай, мамандар құтқару арқанының және жилеттің көмегімен ер адамды құтқарып, жағаға аман-есен алып шыққан. Өзеннен өтпек болған ер адам медициналық көмектен бас тартты.