Мәдениет

Димаш Құдайберген Германияда жеке концерт берді

Димаш  - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2022
Жазылу
Қазақстандық әнші тыңдармандарына "ARNAU" турының өзгертілген бағдарламасын ұсынды
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. 2022 жылдың 9 сәуірінде Дюссельдорфта Димаш Құдайбергеннің Германиядағы алғашқы концерті өтті.
Димаш Құдайбергеннің Еуропадағы көптен күткен концертіне АҚШ, Африка, Австарлия мен басқа да елден келген тыңдармандар жиналды. Димаш коронавирус пандемиясы басталғанға дейін құрастырылған "ARNAU" турының өзгертілген бағдарламасын ұсынды.
Димаш Құдайберген тыңдармандарға жақсы таныс әндерді орындады. Олардың қатарында "Ave Maria", "Stranger", "Qairan Elim", "Give me your love" және басқа да әндер бар.
Әнші қазақ және орыс тілдерімен қатар, ағылшын, италян, қытай және француз тілдерінде де ән орындады.
"Әншінің туған – қазақ тілінде орындаған әндерінің орны ерекше болды. Тыңдармандар "Әлемде бірлік болсын", "Мен сені сүйемін" әндерін әншімен бірге орындады. Сонымен қатар халықаралық туындылар да хормен айтылды", - деп жазды dimashnews порталы.
Димаш Құдайбергеннің неміс жерінде өткен концертінде әншілер Зарина Божақова мен Джордан Аракелян ән айтса, Олжас Құрманбек қобызда дауысымен залды тебірентті.
Жаңалықтар
0