https://sputnik.kz/20220410/aqtobe-zhukti-ayel-avtobus-24108398.html
Ақтөбеде жүкті әйел автобустан құлап түсті
Ақтөбеде жүкті әйел автобустан құлап түсті
Sputnik Қазақстан
Ол күйеуінің ашуынан сескеніп, бастапқыда осы оқиға жайлы тіс жармаған 10.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-10T16:38+0500
2022-04-10T16:38+0500
2022-04-10T16:38+0500
өңірлер
ақтөбе облысы
автобус
https://sputnik.kz/img/07e6/04/09/24102092_159:0:1441:721_1920x0_80_0_0_42acdc63deed859257afa3d49c01476d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде жүктілік мерзімі жетінші айға жеткен әйел жүргізушінің газды басуы салдарынан автобустан шығар кезде құлап қалған, деп хабарлады "Диапазон". 29 жастағы әйелдің белі зақымдалып, өзі шок алып қалған. 24 бағдарда жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі де, кондукторы да тоқтап көмектесудің орнына әрі қарай кете берген. "Автопарк" ЖШС-да осы оқиғаға қатысты пікір білдірді. "Жолаушы жүргізушінің жеке тұлғасын анықтап, шара қолдану үшін полицияға шағымданды. Біз құқық қорғау органына жүргізуші туралы тиісті деректің барлығын ұсындық. Тексеру мен процестік әрекеттен соң, егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, оған қатысты шара қолданылады. Қолымызда әзірше басқа дерек жоқ", - деді "Автопарк" ЖШС өкілі Руслан Жылқаманов.
ақтөбе облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/09/24102092_320:0:1281:721_1920x0_80_0_0_cc184c70e777b4ce847c552f9d6147ae.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақтөбе облысы, автобус
Ақтөбеде жүкті әйел автобустан құлап түсті
Ол күйеуінің ашуынан сескеніп, бастапқыда осы оқиға жайлы тіс жармаған
НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір — Sputnik. Ақтөбеде жүктілік мерзімі жетінші айға жеткен әйел жүргізушінің газды басуы салдарынан автобустан шығар кезде құлап қалған, деп хабарлады "Диапазон".
29 жастағы әйелдің белі зақымдалып, өзі шок алып қалған. 24 бағдарда жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі де, кондукторы да тоқтап көмектесудің орнына әрі қарай кете берген.
"Күйеуіме бастапқыда ештеңе айтпадым, ол ашуланып, автобустың соңынан қуа жөнеле ме деп қорықтым. Ол мән-жайды үйге барғанда білді. Белім әлі ауырып тұр. Ол күні көп адам осы жағдайға куә болды. Мен жүргізушіні жұмыстан қуғанын қаламаймын. Оның табыс көзінен айырылғанын көздемеймін. Бірақ мұны ескерусіз қалдырсам, осы жағдай тағы қайталануы мүмкін", - дейді зардап шеккен Айдана есімді әйел.
"Автопарк" ЖШС-да осы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
"Жолаушы жүргізушінің жеке тұлғасын анықтап, шара қолдану үшін полицияға шағымданды. Біз құқық қорғау органына жүргізуші туралы тиісті деректің барлығын ұсындық. Тексеру мен процестік әрекеттен соң, егер жүргізушінің кінәсі дәлелденсе, оған қатысты шара қолданылады. Қолымызда әзірше басқа дерек жоқ", - деді "Автопарк" ЖШС өкілі Руслан Жылқаманов.