https://sputnik.kz/20220409/zhelide-teplovoz-ben-zhenil-kolik-soqtygysqan-sattin-videosy-tarady-24099616.html
Желіде тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысқан сәттің видеосы тарады
Желіде тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысқан сәттің видеосы тарады
Sputnik Қазақстан
Тепловоз бен Mercedes соқтығысқан жол апатын тергеу аясында полиция теміржол өткелінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоны тәркілеген 09.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-09T16:27+0500
2022-04-09T16:27+0500
2023-08-10T11:58+0500
жаңаөзен
өңірлер
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1a/15585953_0:49:3105:1796_1920x0_80_0_0_ea795dd4c5440e2f4f10c3626d9416e6.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Жаңаөзен полициясы теміржол өткеліндегі жол апатына кім кінәлі екенін анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзу сәті даладағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.Жол апаты 8 сәуірде күндіз сағат он бір шамасында Арай шағын ауданындағы "Қанағат" дәмханасының ауданындағы теміржол өткелінде болған, деп хабарлады lada.kz порталы."Mercedes Benz жүргізушісі теміржол өткелінен өтетін кезде тоқтамай, теміржол жолағына өтіп, тепловоз қозғалысына кедергі келтірген. Осының салдарынан екі көлік соқтығысып қалған", - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Полиция хабарлағандай, жол апатынан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.Апатқа кінәлі болған жүргізуші 20 АЕК , яғни 61 260 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге тиіс. Әйтпесе ол жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/1a/15585953_376:0:3105:2047_1920x0_80_0_0_9d6ebbed8ca52e582375ee78a6b60489.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңаөзен, жол апаты
Желіде тепловоз бен жеңіл көлік соқтығысқан сәттің видеосы тарады
16:27 09.04.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Тепловоз бен Mercedes соқтығысқан жол апатын тергеу аясында полиция теміржол өткелінде орнатылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған видеоны тәркілеген
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Жаңаөзен полициясы теміржол өткеліндегі жол апатына кім кінәлі екенін анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзу сәті даладағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Жол апаты 8 сәуірде күндіз сағат он бір шамасында Арай шағын ауданындағы "Қанағат" дәмханасының ауданындағы теміржол өткелінде болған, деп хабарлады
lada.kz порталы.
"Mercedes Benz жүргізушісі теміржол өткелінен өтетін кезде тоқтамай, теміржол жолағына өтіп, тепловоз қозғалысына кедергі келтірген. Осының салдарынан екі көлік соқтығысып қалған", - деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция хабарлағандай, жол апатынан зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.
"Көлік жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 610-бабының 1-бөлігі " Көлiк жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын бұзуы көлiкті, жүктердi, жолдарды, жолдағы және басқа да нысандардың немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келуі, материалдық залал келтiруі" бойынша хаттама толтырылды", - деп нақтылады полицейлер.
Апатқа кінәлі болған жүргізуші 20 АЕК , яғни 61 260 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл төлеуге тиіс. Әйтпесе ол жарты жылға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін.