https://sputnik.kz/20220409/shygys-qazaqstan-vagondar-rels-24092800.html
Шығыс Қазақстан облысында тағы да вагондар рельстен шығып кетті
Шығыс Қазақстан облысында тағы да вагондар рельстен шығып кетті
Sputnik Қазақстан
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстанда теміржолда тағы бір төтенше жағдай болды: цемент тиелген бес вагон рельстен шығып кетті. 09.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-09T10:31+0500
2022-04-09T10:31+0500
2022-04-09T10:31+0500
шығыс қазақстан
пойыз
вагон
https://sputnik.kz/img/25/75/257549_0:0:3215:1808_1920x0_80_0_0_4ecbc926a10fea3619ccd5a3a2f9c47e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстанда теміржолда тағы бір төтенше жағдай болды: цемент тиелген бес вагон рельстен шығып кетті."Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 8 сәуір күні сағат 10.35-те Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде болған.Бір вагон "КузбассТрансЦемент" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны "Каспий Цемент" ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Пойыз 28 км/сағ баяу жылдамдықпен жүрген.Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздары кідірген жоқ.Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталады.Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға бір аптадан аз уақыт бұрын дәл осы өңірде болған еді: 3 сәуірде Серебрянск қаласының аумағында Ертіс арқылы өтетін теміржол көпіріне кіреберісте бірден 18 вагон аударылып, оның алтауы суға құлады. Вагондар мыс-мырыш рудасын және шлактарды тасымалдаған.Сондай-ақ бір ай бұрын, 28 ақпанда Курчатов қаласындағы Дегелең стансасында жүк пойызының вагондары аударылып кетті.
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/25/75/257549_146:0:2557:1808_1920x0_80_0_0_c787d8a9b0c819d8393bd254b247f273.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, пойыз, вагон
шығыс қазақстан, пойыз, вагон
Шығыс Қазақстан облысында тағы да вагондар рельстен шығып кетті
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстанда теміржолда тағы бір төтенше жағдай болды: цемент тиелген бес вагон рельстен шығып кетті.
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің
хабарлауынша, оқиға 8 сәуір күні сағат 10.35-те Алтай – Күмістау теміржол учаскесінде болған.
Бір вагон "КузбассТрансЦемент" ЖШҚ (Ресей Федерациясы) меншігі болса, қалғаны "Каспий Цемент" ЖШС-ге (Қазақстан Республикасы) тиесілі. Пойыз 28 км/сағ баяу жылдамдықпен жүрген.
Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. Жолаушылар және жүк пойыздары кідірген жоқ.
Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Вагондардың рельстен шығу себептері анықталады.
Еске сала кетейік, осыған ұқсас оқиға бір аптадан аз уақыт бұрын дәл осы өңірде болған еді: 3 сәуірде Серебрянск қаласының аумағында Ертіс арқылы өтетін теміржол көпіріне кіреберісте бірден 18 вагон аударылып, оның алтауы суға құлады. Вагондар мыс-мырыш рудасын және шлактарды тасымалдаған.
Сондай-ақ бір ай бұрын, 28 ақпанда Курчатов қаласындағы Дегелең стансасында жүк пойызының вагондары аударылып кетті.