Сауд Арабиясы шетелдіктерге қажылық жасауға рұқсат етті

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуПаломники во время хаджа в Саудовской Аравии
Паломники во время хаджа в Саудовской Аравии - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Жазылу
2022 жылы Сауд Арабиясы билігі қажылыққа қатысушылар санын бір миллион адамға дейін ұлғайтты
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Сауд Арабиясы соңғы үш жылда алғаш рет шетелдік азаматтарға қажылыққа қатысуға рұқсат беріп, қатысушылар санын бір миллионға дейін өсірді. Сондай-ақ шетелдіктерге қажылық кезінде барлық нұсқауларды сақтау қажеттілігі туралы ескертті.
Коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдан бастап қажылыққа қатысушылардың саны қатты қысқартылды. Мысалы, пандемияның алғашқы жылында оған небәрі мың қажы қатысты. 2021 жылы олардың саны 60 мыңға жетті, деп хабарлайды Сауд Арабиясы баспасөз агенттігінің порталы.
Биыл да қажылыққа баратындар үшін қарастырылған бірқатар ереже бар. Коронавирусқа қарсы екпе алған және 65 жасқа толмаған адамдарға ғана қажылыққа баруға рұқсат етіледі. Шетелдік қажылар корольдікке аттанардан кемінде 72 сағат бұрын тапсырған коронавирус жұқтырмағаны туралы тест нәтижесін ұсынуы керек.
"Қажылық және умра министрлігі қажылық етушілер өз денсаулықтары мен қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті рәсімдерді орындау кезінде сақтық шараларын сақтауы және профилактикалық нұсқауларды орындауы керек екенін атап өтті", - деп жазылған Сауд Арабиясы баспасөз агенттігінің мәлімдемесінде.
Бұған дейін коронавирус пандемиясына байланысты Сауд Арабиясы шетелдіктер үшін қажылыққа тыйым салды.
2022 жылы қажылық 7-12 шілде аралығында өтеді.
Жаңалықтар
0