https://sputnik.kz/20220409/reseydin-aue-kenistiginde-eurofighter-nege-zhoyylmady-24121311.html
Ресейдің әуе кеңістігінде Eurofighter неге жойылмады
Ресейдің әуе кеңістігінде Eurofighter неге жойылмады
Sputnik Қазақстан
НАТО әскери-әуе күштерінің Ресей шекарасына жақын іс-қимылы Еуропа мен әлемде тұрақсыздық пен эскалация қаупін арттырып тұр. Ал АҚШ әскери-экономикалық... 09.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-09T09:07+0500
2022-04-09T09:07+0500
2022-04-11T12:08+0500
жойғыш
https://sputnik.kz/img/07e4/09/01/14848352_0:178:3011:1871_1920x0_80_0_0_a96c4d1fccd2685b8a1701b76367e151.jpg
НАТО әскери-әуе күштерінің Ресей шекарасына жақын іс-қимылы Еуропа мен әлемде тұрақсыздық пен эскалация қаупін арттырып тұр. Ал АҚШ әскери-экономикалық үстемдікті арттыру үшін өз одақтастарын пайдаланып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Сербия Солтүстікатлантикалық альянстан 6 сәуірде Eurofighter тектес көпмақсатты жойғыш ұшақ пен Белградтан Мәскеуге бет алған Air Serbia әуе компаниясының жолаушылар ұшағына қатысты оқиға туралы түсініктеме беруді талап етті.Болжам бойынша НАТО күштеріне тиісті жойғыш ұшақ азаматтық ұшақты қалқан ретінде пайдаланып, Ресей Федерациясының әуе кеңістігіне кірді. Осы әрекеті арқылы Air Serbia рейсінің жолаушылары үшін, Латвия мен Ресей қауіпсіздігі үшін үлкен қатер және Балтық аймағында Ресей мен НАТО-ның әскери қақтығысына себеп тудырды.Сербия президенті Александр Вучич Брюссельге ашық сауал жолдады: "Бұл кім және рейстегі жолаушылар мен азаматтық авиацияға жойғыш техникамен кім қауіп төндіріп жатыр? Бәлкім кездейсоқтық болар, онда айтсын. Бізде бұл ұшақ қай уақытта пайда болғаны туралы нақты координаттар бар".Сербия президентінің алаңдауына себеп бар. Өйткені Белградтан Мәскеу мен Санкт-Петербургқа қарай ұшқан Air Serbia әуе рейсіне мина қойылғаны туралы қауіп пен сигнал күн сайын түседі. Бәлкім, украин бағытындағы шиеленісті арттыру үшін НАТО-ға Ресей аспанында атып түсірілген серб әуе лайнері қажет шығар.Латвия-Ресей шекарасынан өткеннен кейін ұшуларды бақылау қызметі Air Serbia экипажын қауіп туралы ескертті. Азаматтық ұшақ пилоттары шамамен 700 метр төмен ұшқан альянс жойғыш ұшағын танып қойды."Ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері де шекара бұзушыны радардан анық көргені белгілі. Алайда серб авиалайнерінің тым жақын ұшуына байланысты әскери көлікті атып түсіре алмады. Себебі электр магнитті және жылу секторында жолаушылар ұшағының ауқымы басым болды. Ал зениттік зымыранның оқтұмсықтары әлдеқайда ірі нысанды таңдайды", - деп жазды әскери сарапшы.НАТО миссиясының құрамында сәуірде Балтық елдерінің әуе кеңістігіне испан жойғыш ұшақтары патрульдеу жүргізеді. Олар бұған дейін қателікпен Эстония аспанында AMRAAM әскери зымыранын іске қосып, ол француз әскер ұшағын атып түсіре жаздаған болатын. Жоспарлы арандату немесе кәсіби ұқыпсыздық болса да, 6 сәуірдегі әскери іс-қимылдың салдары альянс үшін орны толмас шығынға айнала жаздады.Хроленконың пікірінше, соққы жасаушы ұшақтардың азаматтық борттарды, ал әскери бөлімшелердің бейбіт халықты қалқан етуі Пентагон, НАТО және басқа серіктестердің бұрыннан қолданатын әдісі. Қазір украин әскері "тірі қалқан" әдісін жиі пайдаланып жатыр.Басқа мысал да аз емес. 2021 жылдың қазанында сириялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің зениттік құралдарды жою аумағында екі жолаушылар ұшағы Израильдің төрт F-16 ұшағын атып түсіруге кедергі болатын қалқан қызметін атқарды. Сол кезде Израиль Әскери-әуе күштері Сирияның Хомс провинциясындағы әуе кеңістігіне кіріп, Пальмира ауданындағы фосфат зауытына соққы жасады.Жалпы, сириялықтардың арабтар және ливандармен қарым-қатынасын ушықтыру мақсатында Дубай – Бейрут рейсін орындаған азаматтық ұшаққа соққы жасау негізгі мақсат болған деген де болжам бар.Біраз бұрын Изариль ұшқыштары ресейлік Ил-20 ұшағымен қорғану арқылы басқарылатын авиациялық бомбамен Латакия қаласының ауданындағы сириялық нысандарға соққы жасады. Осы әрекеті арқылы олар ресейлік әуе көлігіне арнайы қорғаныс жүйесінің шабуылына тап болу қаупін тудырды. Ил-20 ұшағының шағылысу беті F-16 ұшағына қарағанда әлдеқайда үлкен, сондықтан Сирияның С-200 зениттік зымыран кешені РФ ұшағын атып түсіріп,с оның салдарынан ресейлік 15 әскери қызметкер көз жұмды.Ресейлік әскери шолушы қалай болғанда да НАТО жойғыш ұшағының жолаушылар көлгінің әуе жолымен (жоғары және төмен) ұшуға құқығы жоқ екенін жазды. Бұл азаматтық және әскери авиация үшін бөлінген әуе кеңістігін пайдалану режимін өрескел бұзу болып саналады. Аспанда әскери және жолаушылар ұшағының бір-біріне тым жақын ұшуы маңызды әрі қауіпті оқиға ретінде қарастырылады. Жойғыш ұшақ тиесілі мемлекетке қатысты наразылық айтылады.НАТО-ның Eurofighter ұшағы сәуірдегі оқиғада Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің технологиялық мүмкіндіктерін тексеру, елдің терең аумағында жатқан стратегиялық нысандарды жою үшін "дәліз" құруды мақсат еткені анық. Осы мақсатта көп жылдан бері НАТО елдерінің жойғыш ұшақтары шамамен 150 метр биіктікте Балтық маңы аймағына жасырын "патруль" жүргізіп жатыр. Ол үшін аумағы шағын Балтық маңында, атап айтқанда Лиелвардта үшінші ірі әуе базасы ашылды. Бұл әскери нысан Ресей мен Беларусь шекараларынан 170 километр қашықтықта орналасқан."Альянстың жойғыш ұшақтары тәулігіне он емес, жүздеген ресейлік әуе рейстеріне ілесе жүру арқылы РФ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін айналып өтуді көздеп отырған сыңайлы. Бірақ Ұлыбритания стратегиялық зерттеулер институтының аналитиктері ресейлік қорғанысты бұзып өтууге НАТО ресурсы жеткіліксіз екенін айтты. Бұл бір учаскеге альянстың бүкіл күшін шоғырландырса да орындалуы екіталай", - деп жазды Хроленко.Украинадағы арнайы әскери операция барысында Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің бөлімшелері мен ұшқыштар тарихта болмаған қарқынмен екі күнде Украина Қарулы күштерінің жүздеген ұшағын жойды. Сондықтан Ресей шекарасына жақын аймақта альянстың кез келген теріс әрекеті ашық эскалацияға алып келуі ықтимал, деп түйіндеді автор.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
https://sputnik.kz/20220315/nato-norvegiya-aumagynda-auqymdy-oqu-zhattygu-otkizip-zhatyr-23561498.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/01/14848352_139:0:2870:2048_1920x0_80_0_0_297cf85cb0b95e586ff4c45976122908.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жойғыш
НАТО әскери-әуе күштерінің Ресей шекарасына жақын іс-қимылы Еуропа мен әлемде тұрақсыздық пен эскалация қаупін арттырып тұр. Ал АҚШ әскери-экономикалық үстемдікті арттыру үшін өз одақтастарын пайдаланып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Сербия Солтүстікатлантикалық альянстан 6 сәуірде Eurofighter тектес көпмақсатты жойғыш ұшақ пен Белградтан Мәскеуге бет алған Air Serbia әуе компаниясының жолаушылар ұшағына қатысты оқиға туралы түсініктеме беруді талап етті.
Болжам бойынша НАТО күштеріне тиісті жойғыш ұшақ азаматтық ұшақты қалқан ретінде пайдаланып, Ресей Федерациясының әуе кеңістігіне кірді. Осы әрекеті арқылы Air Serbia рейсінің жолаушылары үшін, Латвия мен Ресей қауіпсіздігі үшін үлкен қатер және Балтық аймағында Ресей мен НАТО-ның әскери қақтығысына себеп тудырды.
Сербия президенті Александр Вучич Брюссельге ашық сауал жолдады: "Бұл кім және рейстегі жолаушылар мен азаматтық авиацияға жойғыш техникамен кім қауіп төндіріп жатыр? Бәлкім кездейсоқтық болар, онда айтсын. Бізде бұл ұшақ қай уақытта пайда болғаны туралы нақты координаттар бар".
Сербия президентінің алаңдауына себеп бар. Өйткені Белградтан Мәскеу мен Санкт-Петербургқа қарай ұшқан Air Serbia әуе рейсіне мина қойылғаны туралы қауіп пен сигнал күн сайын түседі. Бәлкім, украин бағытындағы шиеленісті арттыру үшін НАТО-ға Ресей аспанында атып түсірілген серб әуе лайнері қажет шығар.
Латвия-Ресей шекарасынан өткеннен кейін ұшуларды бақылау қызметі Air Serbia экипажын қауіп туралы ескертті. Азаматтық ұшақ пилоттары шамамен 700 метр төмен ұшқан альянс жойғыш ұшағын танып қойды.
"Ресейлік әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері де шекара бұзушыны радардан анық көргені белгілі. Алайда серб авиалайнерінің тым жақын ұшуына байланысты әскери көлікті атып түсіре алмады. Себебі электр магнитті және жылу секторында жолаушылар ұшағының ауқымы басым болды. Ал зениттік зымыранның оқтұмсықтары әлдеқайда ірі нысанды таңдайды", - деп жазды әскери сарапшы.
НАТО миссиясының құрамында сәуірде Балтық елдерінің әуе кеңістігіне испан жойғыш ұшақтары патрульдеу жүргізеді. Олар бұған дейін қателікпен Эстония аспанында AMRAAM әскери зымыранын іске қосып, ол француз әскер ұшағын атып түсіре жаздаған болатын. Жоспарлы арандату немесе кәсіби ұқыпсыздық болса да, 6 сәуірдегі әскери іс-қимылдың салдары альянс үшін орны толмас шығынға айнала жаздады.
Хроленконың пікірінше, соққы жасаушы ұшақтардың азаматтық борттарды, ал әскери бөлімшелердің бейбіт халықты қалқан етуі Пентагон, НАТО және басқа серіктестердің бұрыннан қолданатын әдісі. Қазір украин әскері "тірі қалқан" әдісін жиі пайдаланып жатыр.
Басқа мысал да аз емес. 2021 жылдың қазанында сириялық әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерінің зениттік құралдарды жою аумағында екі жолаушылар ұшағы Израильдің төрт F-16 ұшағын атып түсіруге кедергі болатын қалқан қызметін атқарды. Сол кезде Израиль Әскери-әуе күштері Сирияның Хомс провинциясындағы әуе кеңістігіне кіріп, Пальмира ауданындағы фосфат зауытына соққы жасады.
Жалпы, сириялықтардың арабтар және ливандармен қарым-қатынасын ушықтыру мақсатында Дубай – Бейрут рейсін орындаған азаматтық ұшаққа соққы жасау негізгі мақсат болған деген де болжам бар.
Біраз бұрын Изариль ұшқыштары ресейлік Ил-20 ұшағымен қорғану арқылы басқарылатын авиациялық бомбамен Латакия қаласының ауданындағы сириялық нысандарға соққы жасады. Осы әрекеті арқылы олар ресейлік әуе көлігіне арнайы қорғаныс жүйесінің шабуылына тап болу қаупін тудырды. Ил-20 ұшағының шағылысу беті F-16 ұшағына қарағанда әлдеқайда үлкен, сондықтан Сирияның С-200 зениттік зымыран кешені РФ ұшағын атып түсіріп,с оның салдарынан ресейлік 15 әскери қызметкер көз жұмды.
Ресейлік әскери шолушы қалай болғанда да НАТО жойғыш ұшағының жолаушылар көлгінің әуе жолымен (жоғары және төмен) ұшуға құқығы жоқ екенін жазды. Бұл азаматтық және әскери авиация үшін бөлінген әуе кеңістігін пайдалану режимін өрескел бұзу болып саналады. Аспанда әскери және жолаушылар ұшағының бір-біріне тым жақын ұшуы маңызды әрі қауіпті оқиға ретінде қарастырылады. Жойғыш ұшақ тиесілі мемлекетке қатысты наразылық айтылады.
НАТО-ның Eurofighter ұшағы сәуірдегі оқиғада Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің технологиялық мүмкіндіктерін тексеру, елдің терең аумағында жатқан стратегиялық нысандарды жою үшін "дәліз" құруды мақсат еткені анық. Осы мақсатта көп жылдан бері НАТО елдерінің жойғыш ұшақтары шамамен 150 метр биіктікте Балтық маңы аймағына жасырын "патруль" жүргізіп жатыр. Ол үшін аумағы шағын Балтық маңында, атап айтқанда Лиелвардта үшінші ірі әуе базасы ашылды. Бұл әскери нысан Ресей мен Беларусь шекараларынан 170 километр қашықтықта орналасқан.
"Альянстың жойғыш ұшақтары тәулігіне он емес, жүздеген ресейлік әуе рейстеріне ілесе жүру арқылы РФ әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесін айналып өтуді көздеп отырған сыңайлы. Бірақ Ұлыбритания стратегиялық зерттеулер институтының аналитиктері ресейлік қорғанысты бұзып өтууге НАТО ресурсы жеткіліксіз екенін айтты. Бұл бір учаскеге альянстың бүкіл күшін шоғырландырса да орындалуы екіталай", - деп жазды Хроленко.
Украинадағы арнайы әскери операция барысында Ресейдің әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің бөлімшелері мен ұшқыштар тарихта болмаған қарқынмен екі күнде Украина Қарулы күштерінің жүздеген ұшағын жойды. Сондықтан Ресей шекарасына жақын аймақта альянстың кез келген теріс әрекеті ашық эскалацияға алып келуі ықтимал, деп түйіндеді автор.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы