https://sputnik.kz/20220409/reseyde-youtube-bugattaluy-mumkin-24099266.html
Ресейде Youtube бұғатталуы мүмкін
Ресейде Youtube бұғатталуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
Ресейлік арналардың бірі бұғатталғаннан кейін Федерация кеңесі мен Сыртқы істер министрлігі Ресей аумағында Youtube-қа тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді 09.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-09T19:52+0500
2022-04-09T19:52+0500
2022-04-09T19:52+0500
әлем
youtube
ресей
https://sputnik.kz/img/07e5/04/15/16851694_0:299:3071:2026_1920x0_80_0_0_51b9901666048e2bc013e8a5c30ced32.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәур – Sputnik. Ресейлік парламент Мемлекеттік Думаның "Дума ТВ" арнасын бұғаттағаннан кейін Youtube жұмысы ел аумағында тоқтатылуы ықтимал.Арна әкімшілігі хабарлағандай, олар бұл жағдайға дайын болды, қазір басқа алаңда жұмыс істеп жатыр."Роскомнадзор" РФ Мемлекеттік думасының YouTube-арнасын қайта қосуды және оны бұғаттау себептерін түсіндіруді талап етті.Өз кезегінде, Федерация кеңесінің конституциялық заңнама жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Клишас YouTube жақын уақытта Ресейде заңсыз интернет алаңына айналатын сыңайлы екенін айтты.РФ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова осы әрекеті арқылы YouTube өзіне-өзі үкім шығарғанын атап өтті."YouTube өзіне үкім шығарды. Контентті сақтап, ресейлік платформаларға көшіріңіздер. Мұны жылдамырақ жасаңыздар", - деп жазды Захарова Telegram-арнасында.Еске салсақ, наурызда Youtube ХХ ғасырдағы теле және радиобағдарламалар мұрағаты сақтаулы Ресейдің Мемлекеттік телерадиоқорының арнасын бұғаттап, артынша қайта қосты. Ал Ресейде қазіргі уақытта танымал екі әлеуметтік желі - Instagram мен Facebook жұмысына тыйым салынған.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/04/15/16851694_157:0:2888:2048_1920x0_80_0_0_d40c64c210ce478364bf166950fc4a73.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
youtube, ресей
Ресейде Youtube бұғатталуы мүмкін
Ресейлік арналардың бірі бұғатталғаннан кейін Федерация кеңесі мен Сыртқы істер министрлігі Ресей аумағында Youtube-қа тыйым салынуы мүмкін екенін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәур – Sputnik. Ресейлік парламент Мемлекеттік Думаның "Дума ТВ" арнасын бұғаттағаннан кейін Youtube жұмысы ел аумағында тоқтатылуы ықтимал.
Арна әкімшілігі хабарлағандай, олар бұл жағдайға дайын болды, қазір басқа алаңда жұмыс істеп жатыр.
"Роскомнадзор" РФ Мемлекеттік думасының YouTube-арнасын қайта қосуды және оны бұғаттау себептерін түсіндіруді талап етті.
Өз кезегінде, Федерация кеңесінің конституциялық заңнама жөніндегі комитетінің төрағасы Андрей Клишас YouTube жақын уақытта Ресейде заңсыз интернет алаңына айналатын сыңайлы екенін айтты.
"YouTube біздің елде заңсыз алаңға айналуға сенімді түрде қадам жасап жатыр. YouTube осындай таңдау жасағаны өкінішті", - деп жазды Клишас өз Telegram-арнасында.
РФ сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова осы әрекеті арқылы YouTube өзіне-өзі үкім шығарғанын атап өтті.
"YouTube өзіне үкім шығарды. Контентті сақтап, ресейлік платформаларға көшіріңіздер. Мұны жылдамырақ жасаңыздар", - деп жазды Захарова Telegram-арнасында.
Еске салсақ, наурызда Youtube ХХ ғасырдағы теле және радиобағдарламалар мұрағаты сақтаулы Ресейдің Мемлекеттік телерадиоқорының арнасын бұғаттап, артынша қайта қосты. Ал Ресейде қазіргі уақытта танымал екі әлеуметтік желі - Instagram мен Facebook жұмысына тыйым салынған.