Қостанайда полицейлерден ақша жинады деп айыпталған полковник ақталып шықты

© Sputnik / Андрей Старостин / Медиабанкке өтуСудебный молоток
Судебный молоток - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Жазылу
Куәгерлер, яғни полиция қызметкерлерінің көбісі өз еркімен ақша аударғанын жеткізді
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Қостанайда 11 ай тергеу изоляторында отырған полиция полковнигі ақталып шықты.
Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Маманова қамақтан босатылды. Оған былтыр лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген айып тағылған еді. Алайда ол сот барысында кінәсін мойындаған жоқ, деп хабарлады "Астана" арнасы.
Куәгерлер, яғни полиция қызметкерлерінің көбісі өз еркімен ақша аударғанын жеткізді. Тек тоғыз адам қаражатын қайтарып алғысы келетінін білдірген. Жәбірленушілердің аты-жөндері жасырын болды. Ал айыпталушы "ақша жина" деген нұсқау жоғарғы басшылықтан түскенін айтып ақталды.
Қызметкерлерден жиналған қаражат басқармадағы түрлі имидждік іс-шаралар өткізуге жұмсалса керек. Жарыссөз кезінде мемлекеттік айыптаушы Айгүл Мамановаға бес жылға жаза кесуді, полковник шенінен айыруды сұрады. Бірақ сот басқа үкім шығарды.
"Қостанай облысы ПД тергеу басқармасы басшысы орынбасарының әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық болмағандықтан, ол Қостанай қаласы екінші сотының үкімімен ақталып, сот залынан қамаудан босатылды. Сот ақталушының заңсыз қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты келтірілген залалды өндіру туралы шешім қабылдады. Үкім заңды күшіне енген жоқ", - дейді Қостанай облыстық соты баспасөз қызметі бөлімінің жетекшісі Зәуре Едикова.
Жаңалықтар
0