https://sputnik.kz/20220409/qazaqstan-bagbandar-alma-import-24093546.html
Қазақстан бағбандары алма импортына тыйым салуды сұрады
Қазақстан бағбандары алма импортына тыйым салуды сұрады
Sputnik Қазақстан
Отандық бағбандар үкіметтен тамыз бен желтоқсан аралығында елге шетелден алма импорттауға тыйым салуды сұрады 09.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-09T11:37+0500
2022-04-09T11:37+0500
2023-08-10T14:48+0500
экономика
ауыл шаруашылығы
бақ
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1d/15088279_0:0:3641:2048_1920x0_80_0_0_f85ef84660935554b1ba57987ca7a114.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Қазақстандық бағбандар үкіметке жыл сайын, тамыз бен желтоқсан айларының аралығында Қазақстанға алма импорттауға тыйым салу туралы өтініш білдірді. Олардың пікірінше, бұл шара осы бағытты дамытуға, жеміс өсіруді жергілікті халық үшін әлдеқайда тиімді етуге және өнім саудасын арттыруға ықпал етеді.Алма өсірумен айналысатын қазақстандық бағбандар елге жеткізілетін импорттық жеміс салдарынан шығынға батып отырғандарын айтты, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.Еер уақытша шектеу енгізілсе, онда ірі өндірушілердің де, шағын бағбандардың да ісі ілгері жүреді.Қазір дүкен мен базарда Қытай, Польша, Иран, Өзбекстан жемістері толып тұр.Аграрилердің айтуынша, импортқа ішінара тыйым салу өнім бағасының өсуіне алып келуі мүмкін. Әсіресе, бұл алғашқы кезде байқалуы ықтимал. Алайда уақыт өте келе жергілікті өндіріс ұлғайтылады және шағын шаруашылықтар дами түседі.Ауыл шаруашылығы министрлігі бағбандардың бастамасын қарастыруға уәде етті. Осы жылдың өзінде бүкіл ел аумағында жаппай жеміс пен көкөніс сақтайтын қоймалар салынады. Бұл нысандардың құрылысын мемлекет субсидиялайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1d/15088279_454:0:3185:2048_1920x0_80_0_0_112ceba57a3f8615349b55546f198465.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, бақ
Қазақстан бағбандары алма импортына тыйым салуды сұрады
11:37 09.04.2022 (жаңартылды: 14:48 10.08.2023) Отандық бағбандар үкіметтен тамыз бен желтоқсан аралығында елге шетелден алма импорттауға тыйым салуды сұрады
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Қазақстандық бағбандар үкіметке жыл сайын, тамыз бен желтоқсан айларының аралығында Қазақстанға алма импорттауға тыйым салу туралы өтініш білдірді. Олардың пікірінше, бұл шара осы бағытты дамытуға, жеміс өсіруді жергілікті халық үшін әлдеқайда тиімді етуге және өнім саудасын арттыруға ықпал етеді.
Алма өсірумен айналысатын қазақстандық бағбандар елге жеткізілетін импорттық жеміс салдарынан шығынға батып отырғандарын айтты, деп хабарлады "
Хабар 24" телеарнасы.
Еер уақытша шектеу енгізілсе, онда ірі өндірушілердің де, шағын бағбандардың да ісі ілгері жүреді.
"Шағын бақ шаруашылықтарына кейде жемісті жинау және сату пайдасыз, себебі алма одан бетер қымбаттайды", - дейді бақ шаруашылығы басшысы Болатбек Әлиев.
Қазір дүкен мен базарда Қытай, Польша, Иран, Өзбекстан жемістері толып тұр.
Аграрилердің айтуынша, импортқа ішінара тыйым салу өнім бағасының өсуіне алып келуі мүмкін. Әсіресе, бұл алғашқы кезде байқалуы ықтимал. Алайда уақыт өте келе жергілікті өндіріс ұлғайтылады және шағын шаруашылықтар дами түседі.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бағбандардың бастамасын қарастыруға уәде етті. Осы жылдың өзінде бүкіл ел аумағында жаппай жеміс пен көкөніс сақтайтын қоймалар салынады. Бұл нысандардың құрылысын мемлекет субсидиялайды.