https://sputnik.kz/20220409/nur-sultan-sauda-ortalyqtary-mayning-fermasy-24100171.html
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарының бірінен майнинг фермасы табылды
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарының бірінен майнинг фермасы табылды
Sputnik Қазақстан
"Сарыарқа" сауда орталығының желдету жүйесінен криптовалюта дайындауға арналған төрт аппарат табылды 09.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-09T19:10+0500
2022-04-09T19:10+0500
2022-04-09T19:10+0500
сауда орталығы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/09/18616443_0:1:1280:721_1920x0_80_0_0_f1c8bd4dc755f3f0f73d75d065c5668a.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтанда кезекті заңсыз майнинг фермасы ешкім күтпеген жерден табылды. Майнингке арналған төрт аппараттан (ASIC) тұратын жұмыс істеп тұрған шағын ферма "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының желдету шахтасына жасырылған.Бұл "олжа" кездейсоқ табылған: сауда үйінің инженері автотұрақтағы кабель желілерін тексеру кезінде криптовлюта дайындауға арналған жабдықты тапты.Арнайы жабдықты анықтағаннан кейін "Сарыарқа" қызметкерлері бірден полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары техниканы тәркілеп, іс материалдарын айғақ затпен қоса Нұр-Сұлтанның экономикалық тергеу департаментіне табыстады.Майнинг жабдығының иесі әлі анықталған жоқ.Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін құқық қорғау органдары заңсыз майнинг фермаларының ізіне түсті. Бұған елдің экономикалық қауіпсіздігіне төнген қатер себеп екені айтылды. Мысалы, қарапайым тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр қуатын жеткізуде ақау туындап, тапшылық пайда болды. Сонымен қатар үкіметте заңсыз майнерлерді салық төлеуге мәжбүрлеу, ал заңды майнерлерге қазіргіден де көп көлемде салық төлету шаралары қарастырып жатыр.Осы жылдың 15 наурызында Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанда жұмыс істеген 55 майнинг фермасы елдегі танымал тұлғалармен байланысты болғанын хабарлады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/09/18616443_160:0:1121:721_1920x0_80_0_0_80b9ac7685b014df7465ddc0c194268e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сауда орталығы
Нұр-Сұлтанда сауда орталықтарының бірінен майнинг фермасы табылды
"Сарыарқа" сауда орталығының желдету жүйесінен криптовалюта дайындауға арналған төрт аппарат табылды
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтанда кезекті заңсыз майнинг фермасы ешкім күтпеген жерден табылды. Майнингке арналған төрт аппараттан (ASIC) тұратын жұмыс істеп тұрған шағын ферма "Сарыарқа" сауда ойын-сауық орталығының желдету шахтасына жасырылған.
Бұл "олжа" кездейсоқ табылған: сауда үйінің инженері автотұрақтағы кабель желілерін тексеру кезінде криптовлюта дайындауға арналған жабдықты тапты.
Арнайы жабдықты анықтағаннан кейін "Сарыарқа" қызметкерлері бірден полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары техниканы тәркілеп, іс материалдарын айғақ затпен қоса Нұр-Сұлтанның экономикалық тергеу департаментіне табыстады.
Майнинг жабдығының иесі әлі анықталған жоқ.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан кейін құқық қорғау органдары заңсыз майнинг фермаларының ізіне түсті. Бұған елдің экономикалық қауіпсіздігіне төнген қатер себеп екені айтылды. Мысалы, қарапайым тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр қуатын жеткізуде ақау туындап, тапшылық пайда болды. Сонымен қатар үкіметте заңсыз майнерлерді салық төлеуге мәжбүрлеу, ал заңды майнерлерге қазіргіден де көп көлемде салық төлету шаралары қарастырып жатыр.
Осы жылдың 15 наурызында Қаржы мониторингі агенттігі Қазақстанда жұмыс істеген 55 майнинг фермасы елдегі танымал тұлғалармен байланысты болғанын хабарлады.