Минск - Нұр-Сұлтан ұшағына "жарылғыш зат қойған" адам іздестіріліп жатыр

© Sputnik / Абзал КалиевОбстановка в аэропорту Нур-Султана
Обстановка в аэропорту Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір — Sputnik. Құқық қорғау органдары ұшаққа жарылғыш зат қойылды деген жалған хабарлама жіберген адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлады "Хабар 24".
ҚР Терроризмге қарсы орталығының хабарлауынша, 8-9 сәуірде Нұр-Сұлтан, Ақтау, Көкшетау және Балқаш қалалары әуежайларының анықтама қызметі мен электронды поштасына белгісіз адамдардан "Минск-Нұр-Сұлтан" рейсімен келе жатқан ұшақтың бортында жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен.
"Оқиға орнына алғашқы әрекет ету күштері жіберілді. Бортты тексеру барысында жарылыс қаупі бар заттар мен жарылғыш құрылғылар табылған жоқ. Құқық қорғау органдары анонимдік қоңыраулар фактілері және электрондыпошталар бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде, жалған хабарламаның авторы анықталып жатыр", - делінген nерроризмге қарсы орталықтың хабарламасында.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы "Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Жаңалықтар
0