Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Алматы полициясы бүлікшілер қамауда ұстаған адамдарды іздестіріп жатыр

Алматыдағы тәртіпсіздік, архивтегі фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Алматы полициясы басшысының орынбасары Рүстем Әбдірахманов қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілерден зардап шеккен азаматтарды құқық қорғаушыларға жүгінуге шақырды.
Атап айтқанда, ол тергеушілер 5-6 қаңтарда террористер қала көшелерінен ұстап, "Қазақстан" қонақ үйі ғимаратының артында орналасқан BallRoom мейрамханасының залында және Esentai Tower бизнес-орталығының автотұрағында күштеп ұстаған адамдарды іздестіріп жатқанын хабарлады.
Бұл адамдар соққыға жығылған, ұсталғандардың бірі алған дене жарақатынан көз жұмды.
"Зардап шеккендердің басым бөлігі анықталды, тергеу амалдары жүргізілді. Алайда болған оқиғаны толығымен анықтау үшін тергеу анықтамаған куәгерлер мен жәбірленушілердің жауабы қажет", - деді Рүстем Әбдірахманов.
Полиция жоғарыда аталған қылмыстық әрекеттен зардап шеккендер мен осы жағдайдың куәсі болғандарды Желтоқсан көшесі, 189 мекенжайында орналасқан Алматы қаласы прокуратурасының ғимаратына келуге және бар білгенін жедел тергеу тобына баяндауды сұрайды.
Байланыс телефоны: 8 775 644 95 96.

Қазақстандағы қаңтар оқиғасы

Еске сала кетейік, газ бағасы көтерілгеннен кейін Жаңаөзен мен Ақтауда басталған бейбіт митинг Маңғыстау облысында бейбіт аяқталды. Алайда республиканың басқа облыстарында жаңаөзендіктерге қолдау көрсету мақсатында алаңға шыққандардың жиыны зорлық-зомбылыққа, атыс пен тонауға ұласты.
Қазақстан билігі кейбіреулер наразылықты "мемлекеттік төңкеріске" айналдырғысы келгенін және бұған "террористер бандасы" жауапты екенін мәлімдеді. Қаңтар оқиғасында 230 адам көз жұмды.
Жаңалықтар
0