Өңірлер

Алматыда орталық мешітте күн сайын 500 адамға ауызашар беріліп жатыр – фото

© Sputnik / Айгерім ТаубайАлматыда орталық мешітте күн сайын 500 адамға ауызашар беріліп жатыр
Алматыда орталық мешітте күн сайын 500 адамға ауызашар беріліп жатыр  - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 9 сәуір – Sputnik. Рамазан айы басталғалы Алматының орталық мешітінде күн сайын жүздеген адамға дастархан жайылып жатыр. Ораза айында жайылған дастарханнан дәм татуға жиналған жамағаттың арасында қариялар мен жастар, студенттер мен балалар, тіпті шетелдіктер де бар. Sputnik Қазақстан тілшісі "Рамазан шатырындағы" дайындық пен ауызашардың қалай өтетінін көріп қайтты.
Бұған дейін қаланың бас имамы Төлеби Оспан Алматы орталық мешітінде "Рамазан шатыры" құрылып, күнделікті 500 кісіге ауызашар дастарханы жайылатынын айтты. Сондай-ақ қала мешіттерінде де ауызашар беріледі.
"Рамазан шатырында" дастархан жаюға дайындық кешкі бес жарым шамасында басталады. Мешіт маңына қала тұрғындары да кешкі сағат алтыдан бастап жиналады.
© Sputnik / Айгерім ТаубайАлматылықтар орталық мешіт маңында жиналып жатыр
Алматылықтар орталық мешіт маңында жиналып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Алматылықтар орталық мешіт маңында жиналып жатыр
Халық жиналып жатқан уақытта "Рамазан шатырының" маңына су себіліп, қызметкерлер қызу жұмыс істейді.
© Sputnik / Айгерім Таубай"Рамазан шатыры" маңында қонақтарды қарсы алуға дайындық жүріп жатыр
Рамазан шатыры маңында қонақтарды қарсы алуға дайындық жүріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
"Рамазан шатыры" маңында қонақтарды қарсы алуға дайындық жүріп жатыр
Ал ауызашар дастарханында Алматы орталық мешітінің бес қызметкері мен он шақты ерікті қыз қызмет етіп жүр. Олардың арасында мешітте құран үйрену курсына қатысып жүрген қыздар да бар.
© Sputnik / Айгерім ТаубайАуызашар дастарханы жайылып жатыр
Ауызашар дастарханы жайылып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Ауызашар дастарханы жайылып жатыр
Алматы орталық мешітінің наиб имамы Қасым Әшімовтің айтуынша, бұл шара Ораза айында жыл сайын өтеді.
"Рамазан шатыры" – Алматы қаласы орталық мешітінің жыл сайын Рамазан айында ұйымдастырып жүрген, дәстүрге айналған шарасы. Бұл шатырдың астында бір мезетте 500-ге жуық адам ауыз ашады. Бұл жерде ас-судан бөлек, білікті ұстаздар уағыз айтады. Имамдар келген жамағатқа сұрақтар қойып, діни біліміне қатысты ойындар ұйымдастырады. Арасында спорттық сайыстар да өтеді. Мақал-мәтел жарысы да бар. Соның бәрі шатырдың астындағы 40 минутта өтеді", - дейді Қасым Әшімов.
© Sputnik / Айгерім ТаубайМешіт қызметкерлері мен еріктілер дастархан жайып жатыр. Олардың арасында мешіттегі ұстаздардан сабақ алып жүрген бойжеткендер де бар
Мешіт қызметкерлері мен еріктілер дастархан жайып жатыр. Олардың арасында мешіттегі ұстаздардан сабақ алып жүрген бойжеткендер де бар - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Мешіт қызметкерлері мен еріктілер дастархан жайып жатыр. Олардың арасында мешіттегі ұстаздардан сабақ алып жүрген бойжеткендер де бар
Мешіттің наиб имамы Қасым Әшімовтің айтуынша, бұл дастархан демеушілер есебінен жайылады.
"Хадисте "Ораза ұстаған адамның аузын аштырса, сол ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады" делінген. Соған сүйене отырып, сауапқа асыққан адамдар ниет етеді. Арасында мешіт ауласынан өтіп бара жатып қызығатын кісілер де бар. Кей кезде бір кісі екі не үш күн қатарынан дастархан жаяды, кейде 3-4 кісі бірігіп ауызашар береді", - дейді ол.
© Sputnik / Айгерім ТаубайШатырдың ішінде Рамазан айына байланысты 24 хадис ілінген
Шатырдың ішінде Рамазан айына байланысты 24 хадис ілінген - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Шатырдың ішінде Рамазан айына байланысты 24 хадис ілінген
Ауызашар уақыты жақындаған кезде қыз-келіншектер дастарханға ыстық дәмді қоюға асығады. Күні бойы ниет етіп ораза ұстаған азаматтар да шатыр маңына жақындайды.
© Sputnik / Айгерім ТаубайЖалпы алғанда жиырмаға жуық адам дастархан жаяды. Қыздар бір қатарға тұрып, палауды дастарханға қойып жатыр
Жалпы алғанда жиырмаға жуық адам дастархан жаяды. Қыздар бір қатарға тұрып, палауды дастарханға қойып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Жалпы алғанда жиырмаға жуық адам дастархан жаяды. Қыздар бір қатарға тұрып, палауды дастарханға қойып жатыр
Алдымен дастарханға қариялар жайғасады. Қыз-келіншектер олардан бөлек шеттегі үстелге отырады.
© Sputnik / Айгерім ТаубайҚариялар ауызашар дастарханына жайғасып жатыр
Қариялар ауызашар дастарханына жайғасып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Қариялар ауызашар дастарханына жайғасып жатыр
Жиналған қауым ас ішіп болған соң бірден дастарханнан тұрып кетпейді. Үлкендер мен балаларға бөлек-бөлек сұрақтар қойылып, сыйлықтар беріледі.
© Sputnik / Айгерім ТаубайАуызашардан кейін мұнда гір тасын көтеруден сайыс өтеді. Фотода дастархан жайып жүрген мешіт қызметкері
Ауызашардан кейін мұнда гір тасын көтеруден сайыс өтеді. Фотода дастархан жайып жүрген мешіт қызметкері - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Ауызашардан кейін мұнда гір тасын көтеруден сайыс өтеді. Фотода дастархан жайып жүрген мешіт қызметкері
Құптан намазының уақыты кіргенше ұлттық аспаптарда музыка шырқалады.
© Sputnik / Айгерім ТаубайАуызашарға келген алматылықтар ән тыңдап отыр
Ауызашарға келген алматылықтар ән тыңдап отыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Ауызашарға келген алматылықтар ән тыңдап отыр
Айта кетері, биыл рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ал 2 мамыр – Ораза айт күні. Осы жылы ораза 30 күнге созылады.
© Sputnik / Айгерім ТаубайЖиналғандар бірден тарап кетпейді, олар ауызашардан кейін "Рамазан шатыры" маңында жүр
Жиналғандар бірден тарап кетпейді, олар ауызашардан кейін Рамазан шатыры маңында жүр - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2022
Жиналғандар бірден тарап кетпейді, олар ауызашардан кейін "Рамазан шатыры" маңында жүр
27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – қасиетті Қадір түні. Пітір садақа мөлшері 500 теңге болып белгіленді.
Жаңалықтар
0