https://sputnik.kz/20220408/zheke-turgyn-uy-zher-telimi-egov-24067038.html
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға Egov арқылы өтініш беруге болады
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға Egov арқылы өтініш беруге болады
Sputnik Қазақстан
Егер бұдан бұрын мемлекеттен тегін жер телімін алған болсаңыз немесе елді мекенде бос жер болмаса, өтініш бере алмайсыз 08.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-08T07:25+0500
2022-04-08T07:25+0500
2022-04-08T07:25+0500
жер телімі
электронды кезек
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24048536_0:133:1281:853_1920x0_80_0_0_77d72c1b9d797bfba1b2e76106e92b03.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтар енді жеке тұрғын үй құрылысы үшін (ЖТҚ) жер телімін алуға Egov порталы арқылы кезекке тұра алады.Бұған дейін қазақстандықтар кезекке тұру үшін әкімдіктерге қағаз жүзінде өтініш тапсыратын, онда кезек ретінің дұрыс жүргізілмеу қаупі болатын. Ол кезде кезекке тұру процесі 12 күн уақыт алатын.Бұл өтініштер 16 жыл бойы аудан, қала, облыс деңгейінде бөлек-бөлек сақталды, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, ведомство әкімдіктер берген тізімді цифрландырып, электронды форматқа ауыстырған. Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге eGov.kz арқылы өтінім бере алады."Тағы бір жаңашылдық – енді таңдаған аймақтың әкімдігіне бармай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен жер теліміне өтінім беруге болады", – деп түсіндірді Тұрысов.Қызметті пайдалану үшін eGov.kz порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік" – "Жер қатынастары" бөлімінен "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру" қызметін таңдау қажет.Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар:Егер сіз жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда өзіңіз жер алуды қалайтын өңірді таңдайсыз.Егер сіз бұдан бұрын жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпарат таппасаңыз, онда "Өзектендіру" өтініш түрін таңдауыңыз қажет.Кезек алғаныңызды растау үшін қолыңызда бар құжатты (талонның скан-нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің және т.б. көшірмелері) жүктеу қажет. Сондай-ақ кезек ретін www.map.gov4c.kz/egkn/ сайтында ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіп, бақылап отыруға болады.Бұдан бұрын алған жер кезегінен бас тарту үшін "Шығару" өтініш түрін таңдау қажет.Егер азамат бұдан бұрын мемлекеттен тегін жер телімін алған болса немесе елді мекенде ЖТҚ үшін бос жер телімі болмаса, жер кезегіне өтініш бере алмайды. Бос учаскелерді беру жөніндегі шешімді әкімдіктер қабылдайды. Учаскелер алаңдардың дайын болуына қарай немесе елдімекеннің бас жоспарына сәйкес, бос аумақтар болған жағдайда беріледі.Егер бұрын бір өңірде жер теліміне кезекке тұрған болсаңыз, ал қазір өзге аймақтан жер алуға ниеттенсеңіз, 10 сотыққа кезек реті ертерек келген өңірден жер бір рет қана берілетінін, қалған өтініштердің күші жойылатынын ескеру қажет.Естеріңізге сала кетейік, бұрын қазақстандықтар ЖТҚ үшін жер учаскесін алу кезегіне тұру үшін жергілікті атқарушы органдарға, яғни әкімдіктерге жүгінетін. Олар тек өз аймағының жерлерін таңдай алатын. Кезекте тұрғандардың тізімі де тек әкімдіктерде сақталатын.Қазақстан Жер кодексінің 50-бабына сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін (10 сотық жер) тегін алуға құқылы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/07/24048536_0:0:1137:853_1920x0_80_0_0_a8de7a0ac1768bc6dcc989f0e06bb456.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жер телімі, электронды кезек
жер телімі, электронды кезек
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға Egov арқылы өтініш беруге болады
Егер бұдан бұрын мемлекеттен тегін жер телімін алған болсаңыз немесе елді мекенде бос жер болмаса, өтініш бере алмайсыз
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтар енді жеке тұрғын үй құрылысы үшін (ЖТҚ) жер телімін алуға Egov порталы арқылы кезекке тұра алады.
Бұған дейін қазақстандықтар кезекке тұру үшін әкімдіктерге қағаз жүзінде өтініш тапсыратын, онда кезек ретінің дұрыс жүргізілмеу қаупі болатын. Ол кезде кезекке тұру процесі 12 күн уақыт алатын.
Бұл өтініштер 16 жыл бойы аудан, қала, облыс деңгейінде бөлек-бөлек сақталды, деп хабарлады цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі.
"Жаңа жүйенің арқасында қазақстандықтар кезекке тұрып, eGov.kz-те оның жылжу барысын өз бетінше бақылап, жер кезегіне бұдан бұрын берілген өтініштің деректерін өзектендіре алады. Осылайша әрбір қазақстандық алуға тиіс 10 сотық жерді алу процесі барынша ашық болады. Ал автоматизация арқасында бұл процеске 5 минут қана жұмсалады", - делінген хабарламада.
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысовтың айтуынша, ведомство әкімдіктер берген тізімді цифрландырып, электронды форматқа ауыстырған. Енді кәмелет жасына толған әрбір қазақстандық үйден шықпай-ақ, 10 сотық жерге eGov.kz арқылы өтінім бере алады.
"Тағы бір жаңашылдық – енді таңдаған аймақтың әкімдігіне бармай-ақ, еліміздің кез келген өңірінен жер теліміне өтінім беруге болады", – деп түсіндірді Тұрысов.
Қызметті пайдалану үшін
eGov.kz порталына кіріп, "Жылжымайтын мүлік" – "Жер қатынастары" бөлімінен "Жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін (10 сотық жер) алуға кезекті қарау немесе кезекке тұру" қызметін таңдау қажет.
Әрі қарай өтініш түрін таңдау керек. Бүгінде порталда өтініштің үш түрі бар:
Егер сіз жер учаскесін алу үшін кезекке алғаш рет өтініш білдіріп тұрсаңыз, онда өзіңіз жер алуды қалайтын өңірді таңдайсыз.
Егер сіз бұдан бұрын жер кезегіне тұрған болсаңыз, бірақ ол туралы ақпарат таппасаңыз, онда "Өзектендіру" өтініш түрін таңдауыңыз қажет.
Кезек алғаныңызды растау үшін қолыңызда бар құжатты (талонның скан-нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің және т.б. көшірмелері) жүктеу қажет. Сондай-ақ кезек ретін
www.map.gov4c.kz/egkn/ сайтында ЭЦҚ арқылы авторизациядан өтіп, бақылап отыруға болады.
Бұдан бұрын алған жер кезегінен бас тарту үшін "Шығару" өтініш түрін таңдау қажет.
Егер азамат бұдан бұрын мемлекеттен тегін жер телімін алған болса немесе елді мекенде ЖТҚ үшін бос жер телімі болмаса, жер кезегіне өтініш бере алмайды. Бос учаскелерді беру жөніндегі шешімді әкімдіктер қабылдайды. Учаскелер алаңдардың дайын болуына қарай немесе елдімекеннің бас жоспарына сәйкес, бос аумақтар болған жағдайда беріледі.
Егер бұрын бір өңірде жер теліміне кезекке тұрған болсаңыз, ал қазір өзге аймақтан жер алуға ниеттенсеңіз, 10 сотыққа кезек реті ертерек келген өңірден жер бір рет қана берілетінін, қалған өтініштердің күші жойылатынын ескеру қажет.
Естеріңізге сала кетейік, бұрын қазақстандықтар ЖТҚ үшін жер учаскесін алу кезегіне тұру үшін жергілікті атқарушы органдарға, яғни әкімдіктерге жүгінетін. Олар тек өз аймағының жерлерін таңдай алатын. Кезекте тұрғандардың тізімі де тек әкімдіктерде сақталатын.
Қазақстан Жер кодексінің 50-бабына сәйкес, Қазақстанның әрбір азаматы жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін (10 сотық жер) тегін алуға құқылы.