Жапондар Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтады – видео

© Sputnik / Тимур БатыршинГеннадий Головкин
Геннадий Головкин  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір –Sputnik. Геннадий Головкин мен Риота Мурата салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Сол жерде жапондар қазақстандық боксшы мен оның бауырын туған күнімен құттықтады. Бүгін Геннадий мен Максим 40 жасқа толды.
GGG өзінің Twitter парақшасында құттықтаудың видеосын жариялады.
Бүгін екі боксшы да салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Орта дивизионның шекті салмағы 72,5 келі. Геннадий де, Риота да одан аспады.
Осыдан кейін екеуі көз арбасты.
Айта кетері, IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 KO) мен WBA Super тұжырымы бойынша әлем чемпионы Риота Мурата (16-2, 13 KO) арасындағы жекпе-жек ертең, 9 сәуірде өтеді. Бокс кеші Qazaqstan мен Qazsport арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі. Басталуы – 15:00. Геннадий мен Риота шамамен кешкі сағат 19:00-де шығады.
Бұған дейін Геннадийдің гонорары белгілі болған. Қазақстандық боксшының кепілдендірілген гонорары 12,3 миллион долларды құрайды. Осы сома жекпе-жектің нәтижесіне қарамастан төленеді. Ал оның қарсыласы 4,1 миллион доллар алады.
Геннадий Головкин осы жекпе-жекте жеңсе, Альвареспен тағы кездесуі мүмкін. Бірақ мексикалық боксшы 7 мамырда өтетін бокс кешінде Дмитрий Биволдан басым түсуі керек.
Жақында Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жекті өткізу туралы келісімшартқа қол қойды. Бокс кеші 17 қыркүйекте екінші орта салмақта ұйымдастырылады. Лас-Вегас бұл шоуды өткізуге фавориттердің қатарында, бірақ басқа аймақтар да өтінім берді.
Жаңалықтар
0