Жаңбыр мен жел: синоптиктер үш күнге болжам жасады

© Pixabay / 孙传明Көктемгі жаңбыр
Көктемгі жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
Республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жаууы мүмкін
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Қазгидромет мамандары 9-11 сәуірдегі ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын жаууы мүмкін.
Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда кейде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады.
Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарында жауын-шашын жаумайды, температура біртіндеп жоғарылайды.
Республика бойынша тұман болып, жел күшейеді.

Ірі қалалардағы ауа райы

Алматыда 9 сәуірде күн бұлтты болып, жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы +14C, күндіз +21C болады.
10 сәуірде қатты жаңбыр жауады, түнде +13C, күндіз +20C көрсетеді.
11 сәуірде күн бұлтты, түнде +12C, күндіз +22C.
Нұр-Сұлтанда 9-10 сәуірде күн бұлтты, түнде -1...+1C, күндіз +8...+12C болады.
12 сәуірде ауа райы бұлтты болып, түнде +3C, күндіз +12C болады деп болжанды.
Шымкентте 9 сәуірде жаңбыр жауады, түнде +16C, күндіз +27C болмақ.
10-11 сәуірде күн бұлтты, түнде +16C, күндіз +25...+28C көрсетеді.
 В столице Казахстана - Нур-Султане - сильная метель - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.02.2022
Тосынсый жасауы мүмкін: көктемде ауа райы қандай болады
Жаңалықтар
0