Саясат

Тоқаев Қазақстанның Қытай және Моңғолиядағы елшісін тағайындады

© Sputnik / Владислав Воднев Ақорда
 Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Президент жарлығымен Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі қызметін атқарған Жалғас Әділбаев лауазымынан босатылды. Оның орнына Ғабит Қойшыбаев тағайындалды.
Ғабит Қойшыбаев бұған дейін Қытайдағы елші болған. Ол көрші елдегі елші қызметінен босатылды.
Шахрат Нұрышев Қазақстанның сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымынан босатылып, енді Қытайдағы елші қызметін атқаратын болды.
Ақан Рахметуллин сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды, оның орнына Әділ Тұрсынов сыртқы істер министрінің орынбасары болады.
Жаңалықтар
0