Сотталушы түрме қызметкерлерін зорлық жасады деп айыптады: ол тағы 5 жылға сотталды

© Sputnik / Тимур Батыршинтемір қоршау
темір қоршау - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
Видеолардан оның дене жарақатын өзіне өзі салғаны анықталды
ПЕТРОПАВЛ, 8 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында сотталған азамат мекеме қызметкерлеріне қатысты жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады облыстың қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам аса ауыр қылмысы үшін (кісі өлтіру, қарақшылық, ұйымдасқан топты, қылмыстық ұйымды құру және басқару, бопсалау) 25 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ол 7 жылдан бері абақтыда отыр.
"ЕС-164/1 мекемесіне (тергеу изоляторы) келген сәттен бастап сотталушы әртүрлі құқық қорғау органдарына (Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы, СҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаменті) мекеме қызметкерлері мен басшылығы дене жарақатын салды, адамның ар-намысын қорлайтын басқа да іс-әрекеттер жасайды және ақша талап етеді деп арыз бере бастады", - деп түсіндірді департаменттің баспасөз қызметі.
Барлық арыз сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Мекеме қызметкерлеріне қылмыстық іс қозғалды, ол қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.
Сотталушының арызында көрсетілген фактілер бейнебақылау камералары мен қызметкерлер камерасы арқылы расталмады. Видеолардан оның дене жарақатын өзіне өзі салғаны анықталды.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталған адамға қатысты ҚР ҚК 419-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыс белгілері бойынша (адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптап, көрінеу жалған сөз жеткізу) қылмыстық іс қозғады, ол бойынша Петропавл қалалық соты үкім шығарды және сотталған адамға бес жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - ҚАЖД.
Үкімдер жиынтығы бойынша жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы сотталушы мекемесінде 23 жыл бас бостандығынан айырылды.
Жаңалықтар
0