Шымкентте жасырынып жүрген шетелдік ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, зал суда
Наручники, зал суда - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Шымкент қаласында халықаралық іздеуде жүрген шетел азаматы ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, Шымкент қалалық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Өзбекстан азаматын құрықтады. Ол өз елінде қылмыстық құқықбұзушылық жасап, қашып кеткен. Оған қоса, 30 жастағы ер адам деструктивті діни ағымның жақтаушысы болып шықты. Өзбекстанның құқық қорғау органдары оны халықаралық іздеуге жариялаған.
"Ұсталған азамат жеке басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып, жергілікті тұрғынның үйінде жалданып жұмыс істеген", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде оның құжаттарын қалпына келтіру шаралары қолға алынды. Осыдан кейін Өзбекстанға экстрадицияланады.
Жаңалықтар
0