Инфографика

Шығыс Қазақстан облысы қалай бөлінеді

Жазылу
Шығыс Қазақстан облысы қалай бөлінетінін Sputnik Қазақстан инфографикасынан көріңіз
Облыстардың әкімшілік бөлінісі 1997 жылға дейінгі қалпына оралады. Шығыс Қазақстан облысы құрамынан Абай облысы бөлінгеннен кейін оның құрамына бұрынғы Семей облысының құрамында болған қалалар мен аудандар кіреді. Олар: облыстық маңызы бар екі қала (Семей, Курчатов) және 8 аудан: Абай, Аягөз, Ақсуат (оны Тарбағатай ауданынан бөледі), Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті (Самар ауданы кірмейді), Үржар.
Шығыс Қазақстанда облыстық маңызы бар екі қала (Өскемен, Риддер) және 9 аудан қалады: Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Самар (Көкпектіден бөлінеді), Тарбағатай (Ақсуат құрамында болмайды), Ұлан, Шемонаиха.
Абай облысының ауданы – 185,5 мың шаршы шақырым, ШҚО ауданы – 97,8 мың шаршы шақырым.
16 наурызда Қазақстан халқына жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысы құрылатынын хабарлады, оның орталығы Семей қаласы болады.
Жаңалықтар
0