Экономика

Қазақстанда шетелдік компаниялар қандай жобаларды инвестициялайды

тиындар
тиындар - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
Алдағы 5-6 жылға арналған инвестициялық жобалар жалпы сомасы 24 триллион теңге болатын 760 нысаннан тұрады
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Қазақстан үкіметі алдағы жылдарға арналған инвестициялық жобалар пулын әзірледі.
Инвесторлар тізімінде Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия және басқа елдердің компаниялары бар.
Пул 30-дан астам елдің инвесторларының жалпы сомасы шамамен 24,14 триллион теңгені құрайтын 761 жобасынан тұрады және 108 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейді, деп хабарлады премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Жобалардың басым бөлігін Қазақстанның өзі қаржыландыратынын атап өту керек. Ал басқа елдер мына жобаларға инвестиция салады:
Ақмола облысында алтын кендерін қайта өңдеу кешенінің құрылысы; АҚШ, жоба құны – 207,5 миллиард теңге;
Ақмола облысында құс фабрикасы, шошқа кешені, құрама жем зауытының құрылысы; Канада, құны – 65 миллиард теңге;
Ақтөбе облысында титан-цирконий кендерін өндіру және өңдеу бойынша тау-кен байыту кешенінің құрылысы; Ресей, құны – 184 миллиард теңге;
Ақтөбе облысында жылыжай кешендерінің құрылысы; Нидерланды, құны – 87,5 миллиард теңге.
Алматы облысындағы "Көксай" мыс кен орнын игеру; Қытай, құны – 150 миллиард теңге;
Алматы облысында ауданы 1000 гектар болатын интенсивті бақ салу, сақтау және өңдеу цехтарының құрылысы; Швейцария, құны – 32,8 миллиард теңге;
Алматы облысындағы Алтынкөл станциясында көлік-логистикалық кешенінің құрылысы; Қытай, құны – 25 миллиард теңге;
Алматы облысында атлантикалық ақсерке өсіретін зауыттың құрылысы; Ресей, құны – 18 миллиард теңге;
Алматы облысында фуа-гра өндірісі; Франция, құны – 3 миллиард теңге;
Алматы әуежайының жаңа халықаралық терминалының құрылысы; Түркия, құны – 88,2 миллиард теңге.
Бұл Қазақстанда 2022-2028 жылдар аралығында жүзеге асыруға жоспарланып отырған жобалардың бір бөлігі ғана.
Жаңалықтар
0