Ресей cыртқы істер министрлігі Эстония билігінен журналисті босатуды талап етті

© Sputnik / скрин видео Sputnik Meedia Елена Черышева
Елена Черышева - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Ресей cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова ресейлік журналист Елена Черышеваны Эстония билігінің қудалауына қатысты пікір білдірді.
Sputnik Meedia порталының басшысы, Ресей Федерациясының азаматы Елена Черышеваны Эстонияның арнайы қызметі 6 сәуірде ұстаған. Әріптестері онымен байланыса алмай отыр.
"Біз ел билігінің Ресей азаматын бас бостандығынан айыру үшін келтірген себептерді, атап айтқанда, "халықаралық санкцияларды бұзды" деген айыпты абсурд деп санаймыз. Наурыз айының басынан бері портал бұғатталып, ақпараттық кеңістікке кіруге техникалық тыйым салынғанына қарамастан, санкциялардан кейін жұмыс істеді деп айыптау қисынсыз", - деді Мария Захарова.
Ол Елена Черышева бірнеше жыл бойы Эстония мемлекеттік аппараты тарапынан қатаң қысымға ұшырағанын еске салды. Оның айтуынша, 2020 жылы Sputnik-тің жергілікті бюросын жабуға осы әкімшілік және құқықтық қысым себеп болған.
"Эстонияның сөз бостандығын "қорғаушылары" қорқыту тактикасынан тікелей мемлекеттік террорға көшті. Баламалы ресми көзқарасты ұстанушыларды мәжбүрлі түрде оқшаулап жатыр. Мұндай мінез-құлық Эстонияның негізгі адам құқықтары жөніндегі міндеттемелеріне сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.
Захарова Таллиннен ресейлік журналисті дереу босатуды, оның құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді және болашақта мұндай әрекетке жол бермеуді талап етті.
Жаңалықтар
0