https://sputnik.kz/20220408/resey-belarus-bank-shot-24078857.html
Ресейліктер мен белорустар қазақстандық банктерде 12 мыңға тарта шот ашты
Ресейліктер мен белорустар қазақстандық банктерде 12 мыңға тарта шот ашты
Sputnik Қазақстан
Ұлттық банктің талаптары бойынша шотты офлайн және онлайн режимде ашуға болады 08.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-08T14:01+0500
2022-04-08T14:01+0500
2022-04-08T15:57+0500
шоттар
ресей
беларусь
https://sputnik.kz/img/449/21/4492169_0:19:3071:1746_1920x0_80_0_0_0ca39b609e6d5cdda98c5814f19a70f1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банктерінде шот ашқан Ресей және Беларусь азаматтарының нақты санын жариялады."2022 жылдың 24 ақпанынан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Беларусьтің резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Соның ішінде 10 725 шот өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкіне келуі арқылы ашылса, 1 215 шот қашықтан рәсімделді. Нәтижесінде аталған мемлекеттердің Қазақстан Республикасының банктерінде шоты бар азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жетті", - делінген ресми хабарламада.Ресей Федерациясының заңды тұлғалары ашқан шоттар да аздап өскен. Ақпанның соңынан бері тағы 7 ресейлік компания Қазақстан банктерінде шот ашты. Осылайша Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жетті.Ұлттық банктің талаптары бойынша шотты офлайн және онлайн режимде ашуға болады. Бірақ шот ашылғанға дейін шетелдік өтініш беруші тексерістен өтеді. Бұдан бөлек, банктер шетелдік, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы клиенттердің операцияларына күшейтілген мониторинг жүргізуге міндетті.Күшейтілген мониторинг шеңберінде күдікті мәмілелерді анықтау және тәуекелі жоғары транзакцияларға жол бермеу үшін банктер клиент ақшасының шығу көздерін және оның контрагентінің заңды мәртебесін, жүргізілетін операцияның шарттары мен экономикалық мәнін қосымша талдайды.
ресей
беларусь
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/449/21/4492169_340:0:3071:2048_1920x0_80_0_0_266868d99abd7c211415b1cf186adfdd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шоттар, ресей, беларусь
Ресейліктер мен белорустар қазақстандық банктерде 12 мыңға тарта шот ашты
14:01 08.04.2022 (жаңартылды: 15:57 08.04.2022) Ұлттық банктің талаптары бойынша шотты офлайн және онлайн режимде ашуға болады
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан банктерінде шот ашқан Ресей және Беларусь азаматтарының нақты санын жариялады.
"2022 жылдың 24 ақпанынан бері Қазақстан банктерінде Ресей мен Беларусьтің резидент-жеке тұлғалары үшін 11 940 шот ашылған. Соның ішінде 10 725 шот өтініш берушінің немесе сенім білдірілген адамның Қазақстан банкіне келуі арқылы ашылса, 1 215 шот қашықтан рәсімделді. Нәтижесінде аталған мемлекеттердің Қазақстан Республикасының банктерінде шоты бар азаматтарының жалпы саны 162 мыңға жетті", - делінген ресми хабарламада.
Ресей Федерациясының заңды тұлғалары ашқан шоттар да аздап өскен. Ақпанның соңынан бері тағы 7 ресейлік компания Қазақстан банктерінде шот ашты. Осылайша Ресей ұйымдарының жалпы саны 805-ке жетті.
"Қазіргі уақытта барлық шетелдік азаматтар мен компаниялар үшін банк шоттарын ашу және жүргізу тәртібі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заң (КЖТҚҚ) нормаларымен, сондай-ақ Ұлттық банк пен агенттіктің реттеушілік талаптарымен реттелген", - дейді агенттік мамандары.
Ұлттық банктің талаптары бойынша шотты офлайн және онлайн режимде ашуға болады. Бірақ шот ашылғанға дейін шетелдік өтініш беруші тексерістен өтеді. Бұдан бөлек, банктер шетелдік, оның ішінде трансшекаралық сипаттағы клиенттердің операцияларына күшейтілген мониторинг жүргізуге міндетті.
Күшейтілген мониторинг шеңберінде күдікті мәмілелерді анықтау және тәуекелі жоғары транзакцияларға жол бермеу үшін банктер клиент ақшасының шығу көздерін және оның контрагентінің заңды мәртебесін, жүргізілетін операцияның шарттары мен экономикалық мәнін қосымша талдайды.