Қазақстандықтарға құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғаны туралы SMS жіберіледі

© Sputnik / Болат ШайхиновУақытша тіркеу
Уақытша тіркеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
Құжаттың қолданылу мерзімі аяқталуына 30 күн қалғанда Халыққа қызмет көрсету орталығына хабарласу қажеттілігі ескертіледі
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтарға құжаттың қолданылу мерзімі аяқталғаны туралы SMS-хабарлама жолданады. Бұл механизмді ішкі істер министрлігі мен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі әзірледі.
Осы жылдың 1 сәуірінен бастап жеке куәліктің немесе жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғаны туралы ұялы телефон нөміріне SMS-хабарлама жіберу арқылы азаматтарды алдын ала хабардар ету тетігі іске қосылды, деп хабарлады Polisia.kz.
Енді мобильдік азаматтар базасында (БМГ) тіркелген қазақстандықтар құжаттың қолданылу мерзімі аяқталуына 30 күн қалғандаөздерінің ұялы телефонына мынадай мазмұндағы SMS-хабарлама алады:
"Sizdin jeke kualiginizdin jaramdylyq merzimi 30 kunnen keıin aıaqtalady, HQKO-ga habarlasynyz/Srok Vashego udostovereniya istekaet cherez 30 dnei,obratites v CON”.
Осындай SMS-хабарлама алу үшін азамат "электронды үкімет" порталындағы "жеке кабинетінде" (eGov.kz) ұялы телефон нөмірін міндетті түрде көрсетуі керек.
Бұл жаңашылдықты енгізу ең алдымен азаматтардың жеке басын куәландыратын құжаттардың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан осал азаматтарға қосымша қаржылық жүктемені азайтуға бағытталған (әкімшілік жауапкершілікке тартуды болдырмау мақсатында).
Бүгінгі күні жарамсыз жеке куәлік бойынша 10 күннен 1 айға дейін тұрғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілік, 1 айдан астам уақытқа 7 айлық есептік көрсеткіш немесе 21 441 теңге мөлшерінде айыппұл қарастырылған.
Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты ай сайын жеке куәліктерді ауыстыру үшін 77 мыңға дейін азамат, осы себеппен жүргізуші куәліктерін ауыстыру үшін 35 мыңға жуық азамат жүгінеді.
Өткен жылдың өзінде жүргізуші куәліктерінің мерзімі аяқталуына байланысты куәліктерді ауыстыру үшін 915 мың адам және 400 мыңнан астам азамат жүгінген.
Жаңалықтар
0