GGG Тоқаевтың құттықтау хатына жауап берді

© REUTERS / Joe Camporeale-USA TODAY SportsГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин президентке құттықтау хат жолдағаны үшін алғыс білдірді.
"Қасым-Жомарт Кемелұлы, жылы лебіз білдіріп, көңіл бөлгеніңіз үшін көп рахмет. Еліміздің атынан өнер көрсету мен үшін үлкен абырой. Сізге және барша Қазақстанға қолдау білдіргені үшін алғыс білдіремін!", - деп жазды Головкин.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкинді туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.
"Әуесқой және кәсіпқой бокстағы мансабыңызда өзіңізді бірегей спортшы ретінде таныттыңыз. Деңгейі өте жоғары жарыстарда еліміздің намысын абыроймен қорғадыңыз, сондай-ақ Қазақстандағы және әлемдегі көптеген бокс жанкүйеріне қуаныш, жарқын көңіл күй сыйладыңыз. Табиғи талантыңыз бен еңбексүйгіштік қасиетіңіз спорт саласында зор жетістіктерге жетуге ықпал етті. Жастарымызға үлгі болдыңыз. Сіздің отандық бокстың дамуына үлкен үлес қоса беретініңізге сенімдімін", – деп жазылған президенттің құттықтау жеделхатында.
Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының шаршы алаңда ертең өтетін кезекті жекпе-жегінде жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.
Жаңалықтар
0