Қай өңірлерде ерлерден әйелдер көп

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
Алматыда тұрғындардың 54,2%-і, Павлодар облысында 52,5%-і Қостанай облысында 52,4%-і әйел
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Қазақстанда әйелдер саны бір жылда 1,2%-ке өсті. 2021 жылдың ақпанында елде 9,7 миллион әйел болса, 2022 жылдың ақпанында олардың саны 9,9 миллионға жеткен, деп хабарлады Finprom.kz.
Жыл сайын елде әйелдердің саны тұрақты түрде 1,2% -1,3% өсіп келеді.
Әйелдердің басым бөлігі халық тығыз орналасқан Алматы қаласы, Алматы, Түркістан облыстарында тұрады. Ал Солтүстік Қазақстан облысы әйелдер саны жағынан соңғы орында тұр.
Алайда өңірдегі әйелдердің үлесі бойынша қарасақ, Алматыда тұрғындардың 54,2%-і әйел, Павлодар облысында павлодарлықтардың 52,5%-і әйел, үшінші орында Қостанай облысы тұр, мұнда халықтың 52,4%-і әйел.
Ал Түркістан және Қызылорда облысында ер адамдар саны керісінше әйелдерден басым. Түркістан облысында халықтың 49,2%-і әйел, Қызылорда облысында – 49,7%.
Ер мен әйелдің жасы бойынша қарасақ, 29 жасқа дейін азаматтар арасында ерлердің үлесі басым.
30-49 жас арасындағы ер мен әйелдердің үлесі шамамен тең.
50 жастан үлкен азаматтар арасында әйел адам көп. 50-59 жастағы азаматтар арасында 53,6%-і әйел, ал 85 жастан асқандардың арасында 72,1%-і әйелдер.
Жұмыс істейтін әйелдер саны 2021 жылы 4,2 миллионға жетті. Әйелдердің көпшілігі сауда және автожөндеу саласында жұмыс істейді – 828,7 мың адам. "Танымал" салалар арасында білім беру (816 мың адам) және агроөнеркәсіптік кешен (496 мың адам) бар. Осы үш салада елімізде жұмыс істейтін әйелдердің 50,4%-і еңбек етіп келеді.
Жаңалықтар
0