Елорда тынысы

Елордада 88 жастағы қарияны тонап кетті

CC0 / Bernd Schray / қарт адам
қарт адам - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
Қарақшы қарияның үйіне кіріп, қолынан алтын сақинасын шешіп алған
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде кісі тонады деген күдікпен ер адамды ұстады.
Полицияға 88 жастағы қарт кісі хабарласып белгісіз азамат түнгі уақытта оның есігін қағып, ашқан сәтінде соққыға жығылғаны жөнінде арызданған.
Қарақшы қарияға шабуыл жасап, оның қолынан алтын сақинасын шешіп алған. Мұнысымен қоймай күдікті бөлмеге кіріп тағы бір алтын сақина тауып оны да қолды еткен.
Тергеу барысында, қаскүнем Затаевич көшесінде бір тәулікке пәтер жалдап тұрғаны анықталды. Қарама-қарсы пәтерде қарт кісі жалғыз тұратынын біліп оған шабуылдаған.
Елорда полицейлері 28 жастағы күдіктіні ұстады. Ол алтын бұйымдарды ломбардқа өткізіп жіберген.
Қылмыскер бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталғаны мәлім болды. Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Сарыарқа" ауданы полиция басқармасының бастығы Қуаныш Орынбетов "Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері азаматтарға, әсіресе қарт адамдарға үйде болған сәтте есікті іштен бекітуді ұмытпаңыз, бейтаныс адамдарға сенбеңіз", - дейді.
Жаңалықтар
0