https://sputnik.kz/20220408/almaty-zheke-sektor-ort-24081611.html
Алматыда жеке секторда ірі өрт болды
Алматыда жеке секторда ірі өрт болды
Sputnik Қазақстан
Алматының шетінде екі қабатты тұрғын үй мен ауладағы бірнеше құрылыста өрт шықты 08.04.2022, Sputnik Қазақстан
2022-04-08T15:27+0500
2022-04-08T15:27+0500
2022-04-08T15:27+0500
оқиға
өрт
алматы
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0c/16270332_0:195:2946:1852_1920x0_80_0_0_4b89974d5fed8770700c1da114147d86.jpg
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Алматыда төтенше жағдай департаментінің өртке қарсы қызметі.Алатау ауданында жеке секторда шыққан өртті екі сағатқа жуық уақыт сөндірді. Нысандар арасында өртке байланысты қашықтық сақталмаған, соған байланысты оттың көрші үйлерге таралу қаупі де болды. Алматы қаласы Алатау ауданы Теректі шағын ауданы "Иманбұрлық" кварталында өрт шыққан туралы хабарлама түске дейінгі уақытта түскен. Оқиға орнына бірінші келген өрт сөндірушілер 290 шаршы метр құрылыс аумағында оттың ашық жанып жатқанын, жақын маңдағы екі қабатты тұрғын үйдің шатырына өткенін анықтаған. Ең алдымен құрылыста адамдардың бар-жоғына барлау жүргізген. Ешкім болмаған соң өртті сөндірген. Отты көрші үйге өткізбеуге тырысты. "Сонымен қатар оқиға орнында өрт гидранттарының қашықтығы 800 метрді құраған. Артынша суды өрт сөндіру автоцистерналары арқылы және "Алматы тазалық" су тасығышымен жеткізу ұйымдастырылды, осылайша су үздіксіз жеткізілді. Жедел штаб пен өртті сөндіру бойынша үш жауынгерлік учаске құрылды, 11 техника, жеке құрам мен өзара іс-қимыл қызметінің 40-тан астам адамы жұмылдырылды", - деп нақтылады қалалық ТЖД. Шамамен бір сағат он бес минуттан кейін мамандар өрт ошағын оқшаулап, біраз уақыттан кейін оны толығымен сөндірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/0c/16270332_109:0:2838:2047_1920x0_80_0_0_2c22a40d82781169b601c13798186c39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт, алматы
Алматыда жеке секторда ірі өрт болды
Алматының шетінде екі қабатты тұрғын үй мен ауладағы бірнеше құрылыста өрт шықты
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Алматыда төтенше жағдай департаментінің өртке қарсы қызметі.
Алатау ауданында жеке секторда шыққан өртті екі сағатқа жуық уақыт сөндірді. Нысандар арасында өртке байланысты қашықтық сақталмаған, соған байланысты оттың көрші үйлерге таралу қаупі де болды.
Алматы қаласы Алатау ауданы Теректі шағын ауданы "Иманбұрлық" кварталында өрт шыққан туралы хабарлама түске дейінгі уақытта түскен.
Оқиға орнына бірінші келген өрт сөндірушілер 290 шаршы метр құрылыс аумағында оттың ашық жанып жатқанын, жақын маңдағы екі қабатты тұрғын үйдің шатырына өткенін анықтаған.
Ең алдымен құрылыста адамдардың бар-жоғына барлау жүргізген. Ешкім болмаған соң өртті сөндірген. Отты көрші үйге өткізбеуге тырысты.
"Сонымен қатар оқиға орнында өрт гидранттарының қашықтығы 800 метрді құраған. Артынша суды өрт сөндіру автоцистерналары арқылы және "Алматы тазалық" су тасығышымен жеткізу ұйымдастырылды, осылайша су үздіксіз жеткізілді. Жедел штаб пен өртті сөндіру бойынша үш жауынгерлік учаске құрылды, 11 техника, жеке құрам мен өзара іс-қимыл қызметінің 40-тан астам адамы жұмылдырылды", - деп нақтылады қалалық ТЖД.
Шамамен бір сағат он бес минуттан кейін мамандар өрт ошағын оқшаулап, біраз уақыттан кейін оны толығымен сөндірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.