Алматыдағы президент резиденциясын сүруге 6 млрд теңге қажет

© Sputnik / Эдуард ГалеевҚазақстан президентінің бұрынғы резиденциясының өртенген ғимараты
Қазақстан президентінің бұрынғы резиденциясының өртенген ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
Жұмыстардың орындалуы бюджеттік өтінімде егжей-тегжейлі көрсетілген
НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір – Sputnik. Президентінің іс басқармасы Алматыдағы Президент резиденциясын сүріп тастауға 6 млрд теңге жұмсалатынын айтты.
Оның айтуынша, БАҚ өкілдерінен президенттің Алматы қаласындағы қиратылған резиденциясына қатысты көптеген сұрақтар келіп жатыр.
"Бүгінгі күнгі жағдай туралы айтайын. Қазақстандық көпбейінді реконструкция және даму институтының техникалық қорытындысы бойынша резиденцияның жағдайы пайдалануға шектеулі жарамды деген санатқа жатқызылды. "Қазреставрация" РМК мамандары тексеру жүргізіп, өлшемдерін алды, соның нәтижесінде объектіні тарих пен мәдениет ескерткіштерінің тізімінен шығаруды ұсынды. Мәдениет және спорт министрлігі тарихи-мәдени сараптама негізінде объектіні ескерткіштер тізімінен шығаруға, шешім қабылдады: негізгі ғимарат пен іргелес объектілер бөлшектенеді", - деп жазды ол Telegram-каналында.
Айтуынша, ең алдымен, сақтаулы тұрған, яғни тоңазытқыш техникалар, үздіксіз қуат көздері, дизель-генераторлар – барлығы шамамен 600 миллион теңге сомасындағы 46 атаулы құрал-жабдық шығарылады. Бұл құрал-жабдық Іс басқармасының басқа объектілерінде қолданылатын болады.

"Шамамен 1800 тонна металды қайта өңдеуге жібереміз, бұл да бюджетке қайтарылатын 150 миллион теңге. Жалпы қайтарылатын қаражат 750 млн. Негізгі ғимарат пен іргелес объектілерді бөлшектеу үшін үш миллиард теңге қарастырылған. Тағы үш миллиард аумақты қалпына келтіруге және инженерлік корпусты қайта құрылымдауға көзделген, олар қаланың теңгеріміне өтетін объектілер. Жұмыстардың орындалуы бюджеттік өтінімде егжей-тегжейлі көрсетілген", - деді ол.

Айбек Дәдебаевтың сөзінше, резиденцияның аумағындағы дөңнің астында орналасқан инженерлік корпусты қайта қалпына келтіру жоспарланған.
Ол саябақтың ландшафтына сай келеді. Оның ішінде трансформаторлық кіші станция орналасқан, ол жақын маңдағы үйлерге, инженерлік құрылғыларға, қызметкерлерге арналған орынжайларға қызмет көрсетеді.
"Толық жұмыс істейтін көпбейінді орынжай болады. Қазіргі кезде оның тіршілікке маңызды тораптары күрделі жөндеуді қажет етеді, яғни шатырын заманауи түріне ауыстыру, суағарлар санын көбейту, инженерлік жабдығын түгел ауыстыру қажет. Объектінің сыртын әрлеу бойынша да үлкен жұмыс жүргізу керек. 30 жылда бұл ғимаратты салған кездегі пайдалану стандарттары да ескірді", - деді ол.
Жаңалықтар
0