Алматылық әйел дәрігерлер ұлының сау көзіне ота жасағанын айтты

CC0 / virginia332 / Архивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.04.2022
Жазылу
Дәрігерлер хаттама бойынша әрекет еткендерін мәлімдеді
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Алматыда төрт жасар Асылжан Тоқсанбаевтың анасы дәрігерлер баланың оң көзінің орнына сау көзіне ота жасағанын айтты, деп хабарлады КТК телеарнасы.
"Дәрігер оң көзінде ісік бар екенін айтты, емханада да солай деді. Баланы таңғы 9-да операцияға алып кетті, бәрі тез өтті. Бірақ мен оң көзінің орнына неге сол көзіне операция жасағанын түсінбедім. Дәрігерге олардың қателескенін дәлелдеуге тырыстым, бірақ олар оны жоққа шығарып отыр. Тіпті сарапшылар да бір түнде ісік тарап кетпейтінін айтады", - дейді баланың анасы Айдын Тоқсанбаева.
Операциядан бір күн бұрын баланы қайта тексеріп, диагнозы расталды. Айдынның айтуынша, дәрігерлер операция жасау қажет екенін баса айтқан. Енді баланың анасы дәрігерлер қателескеніне сенімді.
Ал дәрігерлер кінәсін мойындамайды. Олар хаттама бойынша әрекет еткенін айтты.
Алматы балалар шұғыл медициналық көмек орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддиновтың айтуынша, операцияда хирург баланың оң көзін тексерді, ол жерде халязион өздігінен жазылған. Артынша сол көзін тексерген, ол жерде аз мөлшерде халязион табылған. Осылайша дәрігерлер сол көзіндегі ісікті алып тастау туралы шешім қабылдаған.
Жаңалықтар
0