Утилизациялық алым мен автокредит бағдарламасы қашан бекітіледі - министр жауап берді

© Sputnik / Владислав Воднев автосалон
 автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
Тәртіп бойынша мемлекеттік органдардың барлық құжаты дайын болған кезде әділет министрлігінің тіркеуіне жіберіледі
НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір– Sputnik. Әділет министрі Қанат Мусин утилизациялық алым мен жеңілдетілген автокредит бағдарламасына қатысты құжаттар тіркеуге әлі түспегенін мәлімдеді,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер министрдің маңызды екі құжаттың қашан қабылданатынын сұрады.
"Халық бірнеше маңызды құжатты күтіп отыр. Біреуі - утилизациялық алым, екіншісі - жеңілдетілген автокредит бағдарламасы. Осы құжаттар әділет министрлігіне әлі тіркеуге түскен жоқ па?", - деді тілшілер.
Министр: "Жоқ, ол мәселелер әлі қаралуда", - деп қысқа ғана қайырды.
Айта кетері, тәртіп бойынша мемлекеттік органдардың барлық құжаты дайын болған кезде әділет министрлігінің тіркеуіне жіберіледі.
Бұған дейін утилизациялық алымның жаңа тарифтері ақпанның соңына дейін бекітіледі деген ақпарат болған.
Ал 4 проценттік автокредит бағдарламасы осы айдың аяғында қабылдануы қажет.
Жаңалықтар
0