Украинаны қолдау, Ресейді тежеу және Қытайға тойтарыс беру: НАТО саммитінде не талқыланды

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.04.2022
Жазылу
АҚШ Украина бағытындағы стратегиялық жеңілістің салдарын НАТО-ны нығайту және шығысқа қарай кеңейту, альянсты Солтүстік Еуропаның бейтарап елдері есебінен күшейту арқылы өтегісі келіп отыр, деп жазады ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
6-7 сәуірде Брюссельде өткен саммитте НАТО елдерінің қорғаныс министрлері мен басқа мемлекеттердің өкілдері Украинаға альянс тағы қалай көмектесетінін және Грузия секілді ресейлік қысым алдында әлсіз серіктестерге қалай қолдау көрсетуге болатынын талқылады.
НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Ресей президенті Владимир Путин "Украинаны бақылауға алуға өзгертуге және халықаралық тәртіпті қайта жазуға деген ұмтылысын" өзгертпеуіне байланысты РФ-ға қарсы күрес жүргізу тәртібін одақтастарына ашық баяндады. Саммитке қатысушылар Солтүстікатланиткалық альянстың әлдеқайда қауіпті әлемге бейімделуі үшін қажет НАТО-ның жаңа Стратегиялық тұжырымдамасын талқылады.
Бұл саммиттің басты ерекшелігі – НАТО құрамына кірмейтін елдерді шақыру. Олардың қатарында Финляндия, Швеция, Грузия, Украина, сонымен қатар Австралия, Жаңа Зеландия, Корея, Жапония бар. Тынық мұхиты өңірінің елдері Қытайдың "ресейлік әскердің Украинаға кіруіне наразылық танытпағанына" және осы тектес қытай операцияларының артуына алаңдаулы екен-мыс. Бір қызығы – Қытай мен бейтарап Австралия арасында үш теңіз және 4 мыңнан астам километр жатыр.
Саммит АҚШ Әскери-әуе күштеріне қарасты B-52H Stratofortress стратегиялық бомбалаушы ұшақтарының бақылауымен өтті. Бірнеше "стратег" ұшақ британдардың Фэрворд әуе базасынан көтеріліп, бүкіл Еуропаны айнала ұшып, британ, дат, чех, венгр, грек және италян жойғыш ұшақтарымен бірлесіп әуе тыныштығына бақылау жүргізді.
Запуск новейших гиперзвуковых ракет Кинжал - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.03.2022
Ресей Украинадағы НАТО бітімгерлеріне қандай ескерту жасады
Әскери шолушының пікірінше, Ресей Федерациясымен алдағы қарым-қатынасқа байланысты НАТО-да ішкі келіспеушілік бар. Ұлыбритания, Польша мен Балтық елдері Ресейді "тізе бүктіргісі" келеді. Франция, Германия мен Түркия байланысты үзбеу керек деп санайды. Альянс елдерінің барлығы бірдей Ресеймен соғысқа араласуды қаламайды. Олар тіпті өздеріне залал келтіретін санкцияларды қолдауға құлықсыз.
НАТО жақын күндері Украина Қарулы күштерін қайта қаруландырады. Украинаның сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба альянс саммитінде әдеттегідей "ұшақтарды, кеме зымырандарын, броньді тасымалдаушыларды, әуе шабуылына қарсы ауыр қорғаныс жүйелерін" сұрады. АҚШ Шығыс Еуропадағы өз жоспарының орындалуы үшін аянып жатқан жоқ. Тізімдегі әскери техниканың кейбірі Украинаның қолына тиюі ықтимал, тіпті "кредитті" өтеуге ондаған жылдарға үзіліс те берілуі мүмкін.
Америка сенаты The Ukraine Democracy Defense Lend-Lease Act of 2022 атты Украинаға әскери қолдау көрсету жобасын мақұлдады. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері мұндай ауқымды жоба болған емес. АҚШ шекара арқылы тасымалдау үшін НАТО аумағында әскери техника қорын құруды, логистика мен Украинаға тұрақты әскери көмекті ұйымдастыруды көздеп отыр.
Йенс Столтенберг Дмитрий Кулебамен бірлескен конференцияда альянс елдері әскери қақтығыс Украина аумағынан тыс шықпауы үшін қолдан келгенше Украинаға көмектесіп жатқанын атап өтті. Алайда Чехия берге Т-72 танкі ен жаяу әскердің соғыс машинасы жарамсыз болып шықты. Олар қозғалғанымен, атыс жүргізе алмайды. Ал Польша бұл техниканы тегін жөндеуден бас тартты.
"Брюссельдегі кездесуде НАТО елдерінің СІМ басшылары маусымда Мадридте өтуі керек саммит қарсаңында альянстың жаңа стратегиялық тұжырымдамасын келісіп жатыр. Олар Украинаны әскери қолдау және Ресейді "тежеумен" қатар "ХХІ ғасырдың жаңа қаупі" деп атап, Қытайға қарсы күресудің жоспарын әзірлеп жатыр. АҚШ одақтастарын НАТО жауапкершілік аймағын кеңейтуге шақырып отыр", - деп жазды Александр Хроленко.
Йенс Столтенберг "жаңа стратегиялық тұжырым алғаш рет Қытайдың әлем аренасындағы ықпалы мен саясатының артып жатқанын есепке алады, себебі бұл біздің қауіпсіздік пен демократияға төнген қауіп" екенін айтты. Ал Конгресс тыңдалымында АҚШ Қарулы күштері Штаб басшылары комитетінің төрағасы Марк Милли Бейжіңді "геостратегиялық қауіп" деп атап, альянсты Бейжіңге ұжымдық қарсылық көрсетуге шақырды.
Международные учения Sea Breeze - 2019 в Одессе - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2022
НАТО Норвегия аумағында ауқымды оқу-жаттығу өткізіп жатыр
Түрлі салада өз әлеуетін арттырып жатқан, АҚШ-пен технологиялық байланысты үзуге күн сайын әрекет етіп, 2035 жылға қарай әскери салада АҚШ-пен тең түсуді және "2027 жылға дейін Тайваньді басып алуды" жоспарлап отырған Қытайға толығымен қарсы. АҚШ өкілдер палатасының басшысы Нэнси Пелоси алдағы күндері Тайваньға іссапармен аттанып, оның тәуелсіздігін қолдайтыны туралы мәлемдеме жасауды көздеп отыр. Ал Тайвань территориясы Қытай халық республикасының иелігінде екенін ескеру керек.
2022 жылға арналған Ұлттық қорғаныс жөніндегі жаңартылған стратегияда Қытайды "АҚШ-тың әлдеқайда маңызды стратегиялық бәсекелесі" деп атаған. Осы жағдайдың барлығын ескеріп, ҚХР СІМ ресми өкілі Чжао Лицзянь НАТО-ны тарату қажеттілігін айтып, альянс қырғи-қабақ соғыс өнімі екенін еске салды және НАТО-ның шығысқа қарай кеңеюін қолдамайтынын ашық мәлімдеді.
Сонымен қатар Қытайдың қорғаныс министрлігінің өкілі Тань Кэфэй АҚШ-тың Тайваньға қару-жарақ жеткізуді мақұлдауына қатысты пікір білдірді.
"Тайвань Қытай территориясының ажырамас бөлігі болып табылады. Тайвань мәселесі Қытайдың негізгі мүдделеріне қатысты және сыртқы таратптың бұл мәселеге араласуға жол бермейді. Қытай армиясы сыртқы араласуды және Тайвань тәуелсіздігіне қол жеткізу әрекеттерін басу үшін тиімді шаралар қолданады", - деді Тань Кэфэй.
Әскери шолушы ұжымдық Батыстың әскери-саяси экспансиясы Ресей мен қытайдың өзара байланысты нығайтуына үлкен себеп болатынын жазды. Өйткені әлемдегі қазіргі ахуал күш біріктіріп, бірлесе әрекет етуді қажет етіп отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы
Жаңалықтар
0